АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖОҒАРЫ БІЛІКТІ МАМАНДАРДЫ ТАРТУ ЖӘНЕ ТҰРАҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторы

  • Бауэр М.Ш

Ключевые слова:

ауыл шаруашылығы, мақсатты топтар, жоғары білікті мамандар, сауалнама, ауылшаруашылық мамандықтарының беделі, ұсынылатын шаралар.

Аннотация

Мақалада «Қазақстанның ауыл шаруашылығына жоғары білікті мамандарды тарту үшін жағдайлар жасауға бағытталған ұсыныстар әзірлеу (Ақмола облысы материалдарында)» тақырыбында гранттық қаржыландыру жобасы аясында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстырының нәтижелері берілген. Ауыл шаруашылығы мамандықтарында оқитын соңғы курс
студенттері, ауылшаруашылық кәсіпорындары басшылары мен мамандардың арасында өткізілген сауалнама нәтижелері баяндалған. Сондай-ақ кадрлар мәселесін шешудегі дамыған елдердің тәжірибесін Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндігі мен ауыл шаруашылығын білікті мамандармен қамтамасыз етуге қажетті шараларды жетілдіру бойынша ұсыныстар қаралған. Зерттеу нәтижелерін экономиканың әр-түрлі салаларын, соның ішінде ауыл шаруашылығын аймақтар, кәсіпорындар деңгейінде кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған жоспарларды жетілдіру мен даму бағдарламаларын жаңарту кезінде қолдануға болады.

Загрузки

Опубликован

2021-07-07