ЭТНИКАЛЫҚ КӨШІ-ҚОННЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚҚА ӘСЕРІ
Ключевые слова:
ауыл шаруашылығы, этникалық көші-қон, нәтижелі жұмыспен қамту, көші-қон үрдістер, еңбек әлеуеті, көші-қон саясаты, жұмыссыздық, әлеуметтік кепілдік, кәсіпкерлік.Аннотация
ҚР-дағы көші-қон үдірістері зерттеу барысында этникалық көшіпқонушылардың ауыл шаруашылығындағы жұмысбастылыққа әсер етуінің аспектілері қарастырылды, халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың қағидалары, көші-қон үрдісі мен ауылдық жерлерде жұмыспен қамтуды нормативтік-құқықтық реттеу зерттелінді. Ішкі көші-қон Қазақстандағы көші-қон үдірістерінің негізгі бағыты ретінде көрсетілген, ол негізінен экономикалық жағынан белсенді халықты ауылдық жерлерден және экологиялық жағынан қолайсыз аймақтардан қолайлы экономикалық жағдай
қалыптасқан және жұмыс орындарымен қамтамасыз ете алатын аймақтарға жүйелі қоныс аударумен сипатталады. Орталық Азиядағы транзиттік көші-қон және еңбек көші-қоны, сондай-ақ этникалық қазақтардың қоныс аудару
ағынымен байланысты болып отырған иммиграциялық мәселелердің басты ерекшеліктері мен себептері қарастырылды. Көші-қонның үйлесімділігі әлемдік экономикамен ұштасатын экономикалық өсуді, экономикалық субъектілердің іскерлік белсенділігін және бірегей ішкі экономикалық кеңістікті қалыптастыру үшін жағдай жасаудың тиімді құралы болып
табылады. Бүгінгі таңда, Қазақстан аймақтарындағы демографиялық ахуал біркелкі емес. Бұл мәселе республиканың халық тығыз орналасқан және халықтың табиғи өсiмi жоғары аумақтарынан еңбек күшіне сұраныс бар мекендерге қоныс аударуды ұйымдастыру, яғни көші-қон үрдістерін тиімді үйлестіру нәтижесінде реттелетін болады.