ҚҰРАМДАСТЫРЫЛҒАН СІҢІРГІШТЕРІ БАР СЕПКІШТЕРДІҢ ТАРТЫМДЫҚ КЕДЕРГІСІН БАҒАЛАУ

Авторы

  • М. А.Адуов, С. Н.Капов, С. А. Нукушева, Е.Ж. Каспаков, К. Г. Исенов К.Володя, Т. К.Тулегенов

Ключевые слова:

сепкіштер, себу кешендері, дискілі және чизельді сіңіргіштер, культиваторлық табандар, аңыз, тарту кедергісі, себу, өтімділік, егін түсімі.

Аннотация

Қазақстанның АӨК саласындағы ғылыми зерттеулердің басым бағыты дәнді дақылдарды өсірудің минималды және нөлдік технология сияқты жаңа технологияларды әзірлеу болып табылады. Жаңа технологияларды іске асыру механикаландырудың жаңа тиімді құралдарын әзірлеуді талап етеді: сепкіштер және топырақ өңдеу машиналары. Ұсынылып отырған жұмыс жаңа технологияларды іске асыру үшін тиімді техникалық құралдарды әзірлеуге бағытталған.
Ұсынылып отырған сепкіште әлемдік тәжірибеде алғаш рет тікелей себуге арналған сепкіштерге дискілі және чизельді сепкіштердің, дискілі және культиваторлық табандардың комбинациясы қолданылды. Әр түрлі жұмыс органдарын қолдану зерттеулерінің талдауы көрсеткендей, топырақты өңдеудің әртүрлі тереңдіктерінде агрегаттың жұмыс жылдамдығына тәуелді сепкіштің тарту кедергісінің ең аз мәні чизель®дисктер®чизель сұлбасы бойынша орналастырылған сепкіште байқалады. Сонымен қатар, теориялық тәуелділіктердің эксперименталдық тәуелділіктерден ауытқуы шамалы. Сонымен қатар, агрегаттың жұмыс жылдамдығы ұлғайған кезде сериялық жебе тәрізді тбанды сіңіргіштері бар сепкіштер үшін теориялық және тәжірибелік тәуелділік қарқынды өседі, орташа есеппен 1,5 есе. Тарту кедергісінің агрегаттың жылжу жылдамдығына тәуелділігі де дәл солай өседі. Тұқымды енгізу тереңдігі мен агрегаттың қозғалу жылдамдығына байланысты отын шығынының тәуелділіктері де осыған ұқсас. Тұқымдарды енгізу тереңдігі 4 см және жұмыс жылдамдығы 10 км/сағ болған жағдайда чизель-дисктер-чизель сіңіргіштері орнатылған сепкіштің сынақтық үлгісінің тарту кедергісі 4,898 Кн құрайды және дәл сондай жұмыс көрсеткіштер кезінде табанды-диск- табанды сіңіргіштері орнатылған сепкіштің сынақтық үлгісінде тарту кедергісі - 7,638 Кн құрады, ал сериялы сепкіштікі - 9,33 Кн, яғни құрамдастырылған сіңіргіштері бар сепкіштердің сынақтық үлгілерінің тарту кедергісі сериялы сепкіштермен салыстырғанда 1,22-1,9 есе аз. Себу тереңдігі 7 см және 10 км/сағ жұмыс жылдамдығы кезінде сынақтық үлгілер мен серялы сепкіштердің тарту кдергілерінің қатынасы жоғарғыға ұқсас.

Загрузки

Опубликован

2021-07-07