КҮЛТЕЛІ ҚОПСЫТҚЫШТЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Авторы

  • Д.З. Есхожин, Е.С.Ахметов, , К.Д. Есхожин, Ш.К. Байшугулова, З.С. Жақсылықова

Ключевые слова:

жемшөптік жерлер, шабындықтар мен жайылымдар, себу құралы, қопсытқыштар, күлтелі қопсытқыш, тұқымдық материал, тыңайтқыштар, минеральды тыңайтқыш.

Аннотация

Мал шаруашылығы өнімдері ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы көлемінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Олардың саны мен сапасын арттыру үшін сенімді жемшөп базасы қажет. Қазақстан Республикасының табиғи азық аймағының көп бөлігі сумен жеткіліксіз қамтамасыз етілген және топырақ өнімділігі төмен жерлерде орналасқан.
Қарқынды пайдалану нәтижесінде, егіс сирейді және тозады. Мал азығы жерлерін қалпына келтіру және жетілдіру үшін тиімді технологиялар мен техникалық құралдар қажет. Жем-шөп дақылдарының тұқымдарын тиімді пайдаланудың негізгі
көрсеткіші олардың топырақта біркелкі таралуы болып табылады. Дегенмен, олардың көпшілігі, нашар өткізгіштік себебінен, себу процесіне кедергі келтіретін себу терезелерінің үстінен әртүрлі көлемдегі күмбез қалыптастырады. Осындай күмбездің пайда болуын болдырмау үшін күлтелі қопсытқыш жасалып, негізгі параметрлері теориялық негізделді және
эксперименталды расталды.

Загрузки

Опубликован

2021-07-07