ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕСТІЛЕУДІ ҚОЛДАНУ

Авторы

  • Батешов Е.А

Ключевые слова:

бақылау, тестілеу, компьютерлік технологиялар, педагогикалық өлшеулер, бағалау, шет тілі, ағылшын тілі, тест бағдарлама, оқуға ынталандыру

Аннотация

Мақалада шетел тілін оқыту кезінде бақылау-оқыту тестілеу әдістемесін қалай қолдануға болатындығы көрсетілген. Зерттеуде сөз аудармасын жаттауға басты назар аударылады. Тестілеу кезінде ең алдымен жиі қолданылатын сөздер, одан әрі – аз қолданылатын сөздер жатталынады. Әдістеменің ерекшелігі тест тапсырушы дұрыс жауап бермеген жағдайда, екінші рет жауап беруге мүмкіндік береді. Қате қайталанған кезде, дұрыс жауап - сөздің аудармасы көрсетіледі және осы сөзді тестілеу соңында қайтадан сұрайды. Тестілеудің қорытынды бағасы бақыланушының қанша қате жібергеніне байланысты қалыптастырылады. Компьютерлік тест бағдарламасы оқушы тест тапсырмаларының базасынан таңдалған барлық сұрақтарға дұрыс жауап бергенге дейін аяқталмайды. Сонымен, компьютерлік тестілеу кезінде оқушы біртіндеп шетелдік сөздердің барлық базасын үйренеді.

Загрузки

Опубликован

2021-07-03