ИФТ-ДА БРУЦЕЛЛАЛАРДЫҢ ХИМЕРЛІК РЕКОМБИНАНТТЫ АҚУЫЗЫНЫҢ АНТИГЕНДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ

Авторы

  • Турсунов К.А., Іңірбай Б.К.

Ключевые слова:

бруцеллез, Brucella abortus, Brucella melitensis, химерлік ақуыз, рекомбинантты белоктар, антигендік, тікелей емес ИФТ, антиденелер, диагностика.

Аннотация

Ақуыздық препараттардың антигенділігін зерттеу нәтижесінде жанама ИФТ–да химерлік рСМАBm-Ba және Brucella-дың сыртқы мембранасының табиғи ақуыздары аса белсенді екенін көрсетті. рСМА25 және рСМА31 бруцеллездің стационарлық ошағынан алынған сарысуларға оң реакция берген жануарлардың антиденелерімен үнемі бір уақытта байланыса бермейтіндігін атап өткен жөн. Химерлік рСМАBm-Ba мен рСМА25 және рСМА31-ді жанама ИФТ-да салыстырғанда бруцеллезге қарсы антиденелердің болуын сәйкесінше 7,3% және 31,2% жоғары анықтады. Союдан кейін бактериологиялық зерттеуден өткен сиырлардың қан сарысу үлгілерінде жанама ИФТ/химерлік рСМАBm-Ba мен дәстүрлі тесттерді салыстырмалы зерттеуде бруцеллалардың химерлік рекомбинантты ақуызын қолдана отыра жүргізген иммуноферменттік
талдаудың аса жоғары сенімділігін көрсетті. Осылайша, дәстүрлі тесттер бойынша оң нәтиже берген жануарлардың арасынан жанама ИФТ/СМАBm-Ba тек 6,2%(15/24) оң нәтиже болды, ал оның нәтижелері 15 жағдайдың 6 (40%) расталды. Алыңған нәтижелер жануарлардың серологиялық диагностикасында моно ақуыздармен салыстырғанда рСМАBm-Ba химерлік ақуызын қолданудың артықшылығын дәлелдейді

Загрузки

Опубликован

2021-07-03