АҚМОЛА ОБЛЫСЫ СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ЗООПЛАНКТОННЫҢ ТАКСОНОМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Ключевые слова:
зоопланктон, биосалмақ, саны, өнімділік, көл, суат, қоректілік база, бентос, таксономия.Аннотация
Мақалада Ақмола облысы су қоймаларында зоопланктонның таксономиялық құрамының және құрылымының нәтижелері көрсетілген. Зоопланктонның таксономикалық құрамы бойынша Ұялы-Шалқар көлінде - 12, Шнет көлінде - 7, Шелкар көлінде - 6, Майдан бөгетінде - 9 түрі белгіленді. Зерттелген су қоймаларда морфометриялық ерекшеліктерімен жетекші түрі
Daphnia longispina болды. Өндірістік сипаттамаларға сәйкес, теориялық есептеулер - 82,4%, эмпирикалық - 70% құрады, ол популяцияның тепе-теңдік күйінде екендігін көрсетті. Көлдерді зерттеу барысында зоопланктонның жоғары орташа маусымдық биомассасы мамыр айында байқалды (5,02-6,02 г/м3 ), ал бентостың орташа маусымдық биомассасында олигохеттер басым түрде болды, үлес биомассасы 45,2-ден 48,5% дейін, ал жалпы биомассасы 8,61-ден 8,98 г/м 2 аралығында болды. Көлдерді табиғи қоректілігі бойынша жіктеу барысында Ұялы-Шалқар және Шнет көлдері эвтрофты, Майдан бөгеті және Шелкар көлі мезотрофты көлдер белгілі болды