СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚУРҒАҚ ДАЛАЛЫ МАЙЛЫ ЗЫҒЫР ӨНІМДЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ АДАПТИВТІҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Ключевые слова:
зығыр майы, егу кезеңі, себу жылдамдығы, өсу стимуляторлары, кірістілік, май мазмұныАннотация
Ақмола облысы Целиноград ауданы (құрғақ далалы аймақ, қара-қоңыр топырақ) «Ақмола-Феникс» АҚ-ы жағдайында жүргізілген танаптық тәжірибелерде өсімдіктерді танаптық өнгіштігі бойынша бейімделу мүмкіндіктерін бағалау, оның ішінде топырақтың тұқым себу қабатының ылғалдылығын азайтуының әсер етуі (5-6%), себу жиілігін ұлғайту (9-17%-ға төмендету), себу алдыңда тұқымды өсу реттегіштерімен өндеу және оның әсерін жоғарылату (12%). Өсімдіктердің жиілігін жоғарылату бойынша өсімдіктердің генеративті мүшелерінің өсуі төмендеуі анықталды, бірақ аз дәрежеде қоректік заттардың жинақталуына әсер етеді (1000 тұқымның массасының қалыптасуы). Ылғалдандырудың оңтайлы жағдайында өсіп-жетілу мерзімі ұзарады, бұл өнімнің қалыптасуына оң әсер етеді. Технологиялық әдістерді қолдануға байланысты майлылықтың қалыптасу денгейі бойынша айтарлықтай айырмашылықтар табылмады, сондықтан себу мерзімі 20-25 мамырда тұқым құрамындағы май мөлшері 0,4-0,5%-ға, ал өсу реттегіштерін қолданғанда 1,1%-ға ұлғайды. Егістіктен онтайлы өнім алу үшін себу мерзімі 20-25 мамырда себілгенде бір шаршы метр алаңдағы өсімдіктердің саны 225-250 дана, бір
өсімдіктегі қораптар саны 18-20 дана, бір қораптағы дән саны 7,5-8 дана, 1000 дәннің массасы 6,0-6,5 г қалыптастырылуы тиіс. Жоғары өнімді қалыптастыру үшін майлы зығырды 5,0 млн. өнгіш тұқым бір гектарғасепкенде өнімділігін жоғарылату (10,4-10,5ц/га), май шығымын жақсарту (4,6-4,7 ц/га) және тиімділігін 206%-ға арттыру.Оңтайлы өсімдік жиілігін қалыптастыру үшін (230-250 дана/м2) және бір өсімдікте қораптардың оптималды санын (кемінде 17 дана) қалыптастыру үшін тұқымдарды себу алдында Райкат старт өсу реттегішімен (1 л/т) өңдеу қажет. Өсіп-даму кезеңіңде Райкат развитие+Атланте+Келик препараттарымен бак қоспасы әдісімен өндеп өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігін арттыру.