ЕАЭО МҮШЕ ЕЛДЕРДІҢ АӨК САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БОЛАШАҚ БАҒЫТТАРЫ
Ключевые слова:
агроөнеркәсіп кешені, евразиялық интеграция, ЕАЭО шеңберіндегі ынтымақтастық, интеграциялық өзара қарым-қатынастар, АӨКң ресурстық әлеуеті, АӨК саласының мемлекеттік реттеу, АӨК қаржыландыру, салыстырмалы артықшылықтары, экспорттың тауарлық және георграфиялық құрылымы, бәсекеге қабілеттілік.Аннотация
ЕАЭО мүше елдердің азық-түлік өнімдері мен ауылшаруашылық шикізатын экспорттаудың географиялық және тауарлық құрылымдары бағаланды. ЕАЭО мүше елдердің «Азық-түлік өнімдері және ауылшаруашылық шикізаты» тауарлық топтарының экспорты географиялық тұрғыдан алыс шет елдерге бағытталады. Ресей Федерациясы экспортта салыстырмалы артықшылыққа ие, алайда Беларусь Республикасы интеграциядан ең үлкен пайда алады, өйткені ЕАЭО елдерінің нарығындағы тауардың бәсекеге қабілеттілігі тұтастай әлемдік нарыққа қарағанда әлдеқайда жоғары. ЕАЭО мүше елдердің азық-түлік өнімдері мен ауылшаруашылық шикізатын экспорттаудың салыстырмалы артықшылықтары анықталды. ЕАЭО серіктес елдеріне экспортталатын тауарлық ассортименттің тереңдігі отандық экономикаға тән болып табылады. Тауарлардың саны 1-ден 4-ге дейін, ал одақтағы басқа серіктестер - Ресей мен Белоруссияда - сауда-саттықтың тереңдігі айтарлықтай ерекшеленеді. ЕАЭО–тағы АӨК саласындағы экспорттық әлеуетін дамытудың төмен деңгейі туралы қорытынды жасалды. ЕАЭО шеңберінде ортақ аграрлық нарық құру және АӨК-дегі ынтымақтастық бағыттары бойынша негізгі басымдықтар белгіленді. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік саясат бәсекеге қабілетті, сапалы, экологиялық таза өнімдерді өндіруге бағытталуы тиіс. Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында астықты, көкөністерді және жемістерді қайта өңдеу бойынша зауыттарды құру және жаңғырту бойынша шаралар жүргізілуі қажет. Индустрияның инвестициялық белсенділігін және инновациялық дамуын ынталандырып, агроөнеркәсіптік кешеннің инфрақұрылымын және қазіргі заманғы логистикалық орталықтарын бірлесіп дамыту қажет. Басым бағыттар ретінде ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстардың тартымдылығын арттыру механизмін дайындау, импортты алмастыру мақсатында агробизнес аумағындағы бірлескен байланыстар мен жобаларды дамыту, келісілген маркетингтік саясатты жүзеге асыру, оның ішінде сыртқы нарыққа шығу үшін маркетингті дамыту тетіктерін әзірлеу кіреді.