ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ (АҚМОЛАОБЛЫСЫ) МҮЙІЗДІ ІРІ ҚАРА МАЛЫНЫҢ КРИПТОСПОРИДИОЗЫ БОЙЫНША ЭПИЗООТИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
Ключевые слова:
криптоспоридиоз, мүйізді ірі қара малы, модельдеу, эпидемиология, максималды ықтималдықАннотация
Қазіргі кезде криптоспоридиоз адам мен жануарлар денсаулығын қорғаудағы маңызды мәселе болып табылады және ол эпидемиологиялық қатер тудырады. Осы инвазия мүйізді ірі қара мал шаруашылықтарына едәуір экономикалық шығын әкеледі. Бірақ Орталық Азияда осы паразитоз әлі күнге дейін зерттелінбеген. Ұсынылған жұмыста орталық Қазақстандағы
мүйізді ірі қара малының Cryptosporidium spp. инфекциясымен залалдануы қарастырылады. Зерттеулер Ақмола облысының бес әкімшілік аудандарындағы 39 ауыл шаруашылық кәсіпорындарда жүргізілді. Мұнда ақбас қазақ, голштин-фриз, абердин-ангус тұқымдарына және асылды тұқымды емес жануарларға жататын бір-12 айлық 589 бұзаулар криптоспоридиозға тексерілді. Нәжіс сынамалары Hein (1982) тәсілімен зерттелінді. Алынған берілгендердің Байес өңделуі сенімділік параметрлерін анықтау мақсатында максималды ықтималдықтар әдістерімен жүргізілді. Қапталысқан бета-постериор ықтималдықты табу үшін биномиалды үлестірілу қолданылды. Орта мәндерді және сенімді интарвалдарды анықтау
үшін қойылған сандық эксперименттерде R компьютерлік бағдарламасы пайдаланылды. Криптоспоридиялармен зерттелінген жануарлардың 26 залалданған болып шықты, ал мал залалдануының максималды ықтималдылық бағалауы 0,044-ке теңелді. Залалдану ықтималдылығының 95%-сенімділік интервалы [0,048, 0,082] құрады. Аталық және аналық
бұзаулар арасындағы 100 000 кездейсоқ іріктемелердің постериор үлестірулерін модельдеу үшін компьютерлік эксперименттер қойылды. Олар жануарлардың жынысы криптоспоридиозбен залалдану деңгейіне әсер етпейтінін көрсетті. Модельдеу бір айлық төлдердің ересек топтармен салыстырғанда жоғарырақ деңгейде залалданатынын дәлелдейді. Алынған нәтижелерді мүйізді ірі қара малы криптоспоридиозын бақылауға арналған имитациялық модельдер және оптималды алдын-алу шаралар жүйесін жасауға қолдануға болады.