BRUCELLA ABORTUS СМА19 РЕКОМБИНАНТТЫ ШТАММ ПРОДУЦЕНТТЕРІН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АНТИГЕНДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ
Ключевые слова:
бруцеллез, сыртқы мембрана ақуызы, рекомбинантты ақуыздар, антигенділік, ж-ИФТ, балауАннотация
Мақалада Brucella abortus-тың молекулалық салмағы 19 кДа болатын рекомбинантты сыртқы мембрана ақуызын (рСМА19) өндіретін штамды жасап шығару және нысанды өнімнің антигенділігін зерттеу нәтижелері келтірілген. Рекомбинантты ақуыз Е. coli BL21(DE3) цитоплазмасының қоспа денешіктерінде (гранулаларында) орналасқан болып шықты және оның ең көп мөлшері өндіргіш штамды бір тәулік бойы өсіру кезінде жинақталған. рСМА19, рСМА25 және рСМА31, сонымен қатар табиғи СМА ақуыздарына негізделген жанама иммунды фермент тәсілінде (ж-ИФТ) бруцеллез ауруына дәстүрлі серологиялық реакциялар бойынша оң нәтиже көрсеткен ірі қара малдың қан сары сулары салыстырмалы түрде зерттелген. Жалғыз ғана
рекомбинантты ақуыздың ж-ИФТ-де қолданылуы бұл тәсілдің сезімталдығын едәуір төмендететіндігі, осыған орай тиімді
диагностикумдары ақуызды антигендердің кешенін қолдану арқылы жасауға болатындығы туралы қорытынды жасалған.