ИЗМЕНЕНИЕ ЭМИССИИ ДИОКСИДА УГЛЕРОДА НА АНТРОПОГЕННО-НАРУШЕННЫХ УГОДЬЯХ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

Авторы

  • Сергалиев Н.Х. Нагиева А.Г. Жиенгалиев А.Т.

Ключевые слова:

темно-каштановая почва, эмиссия, диоксид углерода, пастбище, пашня, исследование, влажность, температура.

Аннотация

Топырақ ауасында СО2 құрамымен тыныс алу белсенділігі топырақт температурасы мен ылғалы, грунттық су деңгейі, жер беті және жер асты массасының өсуі, сонымен қатар органикалық заттың трансформациясы ерекшеліктерінен тәуелді. Ауыл шаруашылық топырақтарынан парниктік газ эмиссиясын бағалау сұранысы зерттеу топырағындағы көміртек қорын және
онағы көміртек эмисссиясын сандық бағалаумен байланысты. Өкінішке орай,  Жайық өнірі құрғақ далалы топырақтарындағы органикалық көміртек құрамы және парниктік газдар эмиссиясының кеңістік өзгерусін зерттеу жұмыстары санаулы. Бұл зерттеу жұмысы 2018 жылының көктем кезенінде Батыс Қазақстан облысы аумағында орындалған. Зерттеу объектісі ретінде
пайдалану түріне байланысты (жайылым, жыртылған жер) қою қара-қоңыр топырағы алынды. Тұздану беткі қабатында тұздалмағаннан төмен тұздалғанға дейін, төменгі қабатттарында орташадан жоғары тұзды дәрежесіне жетілді, бұл тұздалған топырақ түзілуші жыныстың және су режимінің әсерімен байланысты. Қоректік заттармен қамтылуы - азот және
фосфор – төмен, калий – жоғары белгіні көрсетті. Негізгі мәлімет бойынша 2018 жылдың көктем мерзімі бойынша динамикасы көрсетілген. Алынған мәліметтің нәтижесі бойынша жыртылған жерде, жайылым жерінің көміртек диоксидінің эмиссиясына қарағанда, органикалық заттың минерализациялануы тым жоғары жылдамдықты көрсетіп, көміртек
диоксидінің эмиссиясының жылдамдығын сипаттайды. Көктемдік маусым бойына көміртек диоксиді эмиссиясы салыстырмалы айларда ауыспалы, сәуір айында максималды, мамыр айында минималды көрсеткішті көрсетті, бұл топырақ ылғалы мен температурасының қысқы кезеннен кейінгі ауытқуын дәлелдейді. Сонымен қатар, жыртылған жерімен салыстырғанда жайылымның көміртек диоксиді эмиссиясының төмен болуы оның тығыздығымен сипатталады.

Загрузки

Опубликован

2021-07-02