«БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ ЖАҒДАЙЫНДА КЛАРИИ ЖАЙЫНДАРЫН ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ АЛДЫ КЕЗЕҢІНДЕ ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҰСТАУ
Ключевые слова:
Африкалық кларии жайын , балық өндірушілер, гидрохимия, тұйық жүйелі су қондырғысы, инкубация.Аннотация
Ғылыми мақалада «Балық шаруашылығы» ғылыми-зерттеу орталығы жағдайында кларии жайынының өндірушілерін уылдырық шашу алдында ұстау және оларды гормоналдық стимулдау сұрақтары қарастырылады. Зерттеу мақсаты – балықтарды (кларии жайыны) уылдырық шашу алдында ұстау және оларды гормоналдық стимулдау сұрақтарын зерттеу.
Қойылған мақсатқа сәйкес міндеттер анықталды:
- кларии жайынының өндірушілерін сұрыптау және балық өсіру
көрсеткіштерін анықтау;
- тұйық жүйелі балық өсіру қондырғысында гидрохимиялық
тәртібін реттеу;
- гипофиздік егудің технологиясын жетілдіру;
- кларии жайынының өндірушілерін уылдырық шашу алдында ұстау технологиясын жетілдіру. Ғылыми жұмыста африкалық кларии жайынының өндірушілерін уылдырық шашу алдында ұстау және оларды гормоналдық егудің көмегімен стимулдау сұрақтары қарастырылып, тұжырымдар жасалды. Кларии жайынының шикі және құрғақ гипофиздерін қолданып стимулдау әдістері тексерілді. Гипофиздік егулерді қолданудың тиімділігі анықталды.