AUDIT EXPERT» БАҒДАРЛАМАСЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ
Ключевые слова:
қаржылық талдау, қаржылық жағдай, Audit Expert компьютерлік бағдарлама, қаржылық есептілік, бухгалтерлік баланс, пайда және залал есебі, диагностика, бағалау, мониторинг.Аннотация
Мақалада бағдарламалық өнімнің негізінде шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайын талдау әдіснамасы, оның ішінде кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттілігі, оның қаржылық тұрақтылығының деңгейі, айналымдылығы және рентабельділігі, ақша қаражаттарының қозғалысы, капитал және т.б. мәселелердің кең ауқымы сипатталған. Компьютерлік бағдарлама қолдану арқылы қаржылық көрсеткіштерді есептеу кезінде негізгі ақпарат көзі ретінде кәсіпорынның қаржылық
есептілігінің мәліметтері пайдаланылды. Мақалада ауылшаруашылық кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
және бағалау үшін Audit Expert компьютерлік бағдарламаның аналитикалық мүмкіндіктері егжей-тегжейлі қарастырылған. Бухгалтерлік баланс пен пайда және зиян жөнінде есеп беру нысандарының деректері бойынша есептелген қаржылық коэффициенттерді бағалау үшін осы жүйенің стандарттық мүмкіншіліктерін қолдану әдістемесі жарияланған. Меншікті капитал рентабельділігін факторлық талдау әдістемесі толық сипатталған. «Дюпон» фирмасы әзірлеген әдіс бойынша талдау жүргізу қаржылық көрсеткіштерге әсер ететін негізгі факторларға салыстырмалы сипаттама беретін факторды талдау жүйесінің мысалдарының бірі болып табылады. Меншікті капиталдың рентабельділік көрсеткішінің жоғарғы мәні кәсіпорынға салынған капиталдың қайтарымына міндетті түрде балама болып табылмайды. Қаржылық сипаттамадағы шешімдерді қабылдау кезінде осы көрсеткішке ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның нарықтық құнын да ескеру қажет.
Сонымен қатар, мақалада қосымша аналитикалық көрсеткіштер негізінде ауыл шаруашылық кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін бағалау және талдау әдістемесін жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылған, оны Audit
Expert компьютерлік бағдарламаға пайдаланушы өз бетімен енгізе алады. Бұл тәсіл өзінің әдістемесін құру кезінде кез-келген шаруашылық субъектісінің немесе құрылымның бастапқы деректерін талдау үшін пайдалануға мүмкіндік береді.