МАЛ АЗЫҚТЫҚ ДАҚЫЛДАРДЫҢ СУСЫМАЛЫ ЕМЕС ТҰҚЫМДАРЫН СЕБУГЕ АРНАЛҒАН СЕПКІШ АППАРАТТЫҢ ЖҰМЫС ҮРДІСІНІҢ АНАЛИЗ

Авторы

  • М.А . Адуов. , С. Н.Капов , С. А Нукушева. , К. Володя.

Ключевые слова:

мал азығын өндіру, сепкіш, сепкіш аппарат, мал азықтық дақылдар, біркелкі себу, сусымалы емес тұқымдар, айдағыш, қопсызқыш, себу нормасы, қалақшалар, конус.

Аннотация

Ұсынылып отырған сепкіш аппараттың тұқымдарды себу технологиялық үрдісінің сатылары келесі жолмен жүзеге асады.
Эксперименталдық мәліметтерге сүйене отырып біз тұқымдар себілетін саңылаудың үстіндегі жәшіктің ішінде параболоид пішінді күмбез қалыптасатынын анықтадық және күмбезді бұзу үшін біз айдағыш орнаттық. Айдағыштың биіктігі тұқымдардың күмбезінің биіктігін анықтайтын теңдеу (1) арқылы анықталады. Айдағыштың биіктігі мен тұқымдардың
күзбезінің биіктігі теңескен кезде күмбезделу жойылады. Қоректендіргіш цилиндр құбырдың ішіндегі тұқымдардың таратқыш конусқа дейін жылжуы тұқымдарды төмен және құрсаудың ортасынан шетіне қарай жылжытатын қалақшалар арқылы жүзеге асады. Тұқымның қалақша бойымен берілген жылдамдығын қолданып, (4), (5), (6) теңдеулер, қалақшалардың қажетті технологиялық және конструктивті параметрлерін анықтаймыз. Тұқымның конус бойымен жылжуының салыстырмалы жылдамдығын сипаттайтын теңдеуден (7) винттік спиральдің көтерілу бұрышы 170 аспауы керек және оның радиусы 0,02 м шамасында болуы керек деген тұжырым жасауға болады. Таратқыш конустан тұқымдар винттік спиральдің айналымдары арқылы тартылады және таратқыш бастиекке қарай қозғалады. Винттік спираль өзінің беті бойымен тұқымдардың ағымын біркелкі таратады және оларды шетке қарай жылжытып, таратқыш түтікке бағыттайды. Винттік
спираль бойымен тұқымдардың қозғалуы (2) теңдеу арқылы сипатталады және винттің параметрлерін осы теңдеу арқылы орнату қажет. Таратқыш бастиектің конструктивтік өлшемдері винттің өлшемдерін және сусымалы емес тұқымдардың болат бетпен үйкелу коэффициентін ескере отырып анықталды. Таратқыш бастиек пен таратқыш түтіктердің ішінде тұқымдардың
қозғалуы бөлшектердің көлденең жазықтықпен қозғалуына ұқсас және алынған теңдеулер бұл мақалада көрсетілмеген, себебі олар өте кең тараған. Осылайша, түрлі сатыларда ұсынылған сепкіш аппараттың бойымен тұқымдардың жылжуының теориялық тәуелділіктері алынды, бұл тәуелділіктерді қолдана отырып сусымалы емес шөп тұқымдарын себудің жоғары сапасын қамтамасыз ететін сепкіш аппараттың қажетті технологиялық және конструктивтік параметрлері анықталды. Сепкіш аппараттың параметрлерінің дұрыс таңдалғандығын тексеру үшін кеңейтілген зертханалық-алқаптық зерттеулер жүргізу қажет

Загрузки

Опубликован

2021-07-02