АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ГЕРЕФОРД ЖӘНЕ АБЕРДИН АНГУС ІРІ ҚАРА ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІ МЕН АСЫЛТҰҚЫМДЫҚ САПАСЫ
Ключевые слова:
тұқым, етті ірі қара мал шаруашылығы, ет өнімділігі, экстерьер, сиыр еті, өсіп-жетілу, өлшемдер, индекстер, герефорд тұқымы, абердин-ангус тұқымы, класс, элита, бейімделуАннотация
Мақалада көнбіс, төзіміділігімен ерекшеленетін герефорд және абердин ангус ірі қара тұқымдарының малына қысқаша сипаттама берілген. Олар әртүрлі табиғи жағдайға бейімделгіш және ауа райының аязына да шыдап бере алады. Алайда бұл тұқымдардың сиырлары ылғал мен өкпек желге шыдамсыз келеді. Сондықтан күтіп-бағу кезінде мал қорасы құрғақ, таза
және ашық-тесік болмауын қадағалау керек. Сонымен қатар Қазақстанның етті ірі қара мал шаруашылығының жағдайы, шетелден әкелінген герефорд және абердин ангус тұқымы малының құнды генетикалық әлеуетін пайдалану, малдың асылтұқымдық және өнімділік сапасын жетілдіру бойынша мәліметтер берілген. Солтүстік Қазақстан аумағынада шетелдік
герефорд және абердин ангус ірі қара мал тұқымын өсірудің артықшылығы мен кемшіліктері бойынша қысқаша сипаттама беріліп, әртүрлі жастағы бұқашықтар мен қашарлардың тірілей салмағы, 18 айлық төл мен бірінші, екінші және үшінші сауымдағы сиырлардың экстерьері мен дене өлшемдерін алынып, дене бітімі индекстері анықталды. Солтүстік Қазақстанның табиғи климаттық жағдайына бейімделудегі герефорд және абердин ангус сиырларының класстық құрамы мен жалпы басы бойынша зерттеулер келтіріліген.Зерттеу нәтижелері бойынша герефорд тұқымының бұқашықтары 18 айда 418 кг, тайыншалары 342,0 кг, ал абердин ангус тұқымының бұқашықтары мен қашарлары сәйкесінше 427 және 361 кг құрады. Екі
тұқымның да 18 айлық бұқашықтары мен тайыншалары бонитирлеу бағасының І класс стандартына сәйкес болды. Герефорд тұқымының бұқашықтары мен қашарлары кеуделілік, сүйектілілік сияқты дене бітімі индекстері бойынша жоғары болса, ал созылымдылық пен сирақтылығы бойынша төмендеу болды. Мұндағы бұқашықтардың етті пішіндес болуымен қатар етке өсірілетін герефорд және абердин ангус тұқымы төлдерінің жетілуі үшін азықтандыру және күтіп-бағу жағдайының оң әсер еткендігін байқалады. Зерттеу нәтижелері бойынша герефорд және абердин ангус тұқымының малы Ақмола облысы территориясына салыстырмалы түрде жақсы бейімделгені анықталды, алайда әкелінген малдың тірілей салмақтарының
көрсеткіштері мен класстығы уақытымен шамалап төмендейтіні байқалады