АГРОЛАНДШАФТТАРДАҒЫ ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫҒЫНА ҚОРҒАНЫШ ОРМАН ЕКПЕЛЕРІНІҢ ӘСЕРІ (ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПИСКАРЕВ АТЫНДАҒЫ ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ МЫСАЛЫ БОЫЙНША)
Ключевые слова:
деградация (құнарыздану), қорғаныш орман екпелері, аграрлық ландшафт, құнарлылық, өнімділік, тыңайтқыш.Аннотация
Топырақтың құнарлылығын сақтау мен қалпына келтірудің маңызды кезеңі эрозия процестерінің тоқтауы болып табылады. Топырақтың құнарлылығын жоғарылату - жоғары өнімділік қалыптасуының маңызды факторы. Топырақтың құнарлылығын жоғарлату ауыл шаруашылығының ғылыми-негізделген экологиялық және ландшафтық жүйелерін, жерді пайдаланудың теңгерімді, компенсаторлық сипатын пайдаланған кезде ғана мүмкін болады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құнарлылығын сақтау және молайту үшін минералдық және органикалық тыңайтқыштарды жүйелі қолдану оңтайлы режимде топырақ құнарлылығын сақтау үшін ұсынылады: егістікпен жойылатын жойылатын қоректік бөлігі тыңайтқыштар ретінде топыраққа қайтарылуы тиіс. Алаңдарға тыңайтқыштарды қолдану агралық алаңдар сияқты, орман алаңдарында да 1,1-1,4 есе жоғары тиімділігін көрсетті. Сонымен қатар, тыңайтқыштар топыраққа енгізілгенде (азот, фосфор және күкірт бар), ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі 1,4 есе артады. 2015-2017 ж.ж. Павлодар облысы Пискарев атындағы шаруа
қожалығында ауыл шаруашылық мақсатта пайдаланылған құнарсызданған топырақтарда зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында, топырақ кұнарлығының сақталуы және ылғал режимінің жоғарлауы қорғаныш орман екпелерінің рөлі екені анықталды. Зерттеудің маңыздылығы, Павлодар облысының құнарсызданған топырағын қалпына келтiрiп, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге мүмкіндік береді, топырақ құнарлылығын сақтау және жақсарту үшін қорғаныштық орман екпелерінің ықпалын зерттеу болып табылады.