АҚМОЛА ОБЫЛЫСЫНЫҢ ДАЛАЛЫ АЙМАҒЫ ЖАҒДАЙЫНДА ӨСІРУ ЖАҒДАЙЛАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ПАЙЗАНЫҢ ӨСІП-ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ключевые слова:
Пайза, Еchinochloa frumentacea, өнім, жасыл масса, құрғақ масса, тұқым, өсіп-даму, суармасыз, суармалыАннотация
Пайзаның өсіп-дамуына және өнім қалыптастыруына биоклиматтық жағдайлардың және ылғалмен қамтамасыз етілу деңгейінің әсерін зерттеу бойынша Ақмола облысының далалы аймағында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарынан келесідей нәтижелер алынды: Зерттеу жұмыстары жүргізілген жылдарда қалыптасқан температура жағдайлары пайзаның өсіпдамуына және өнім қалыптастыруына қолайлы болды. Зерттеу жылдарында түскен кеш көктемгі және ерте күзгі бозқыраулар пайзаның өсіп-дамуына кері әсерін тигізген жоқ. Орташа есеппен екі жылда, себуден шабылмалы
жинау (масақтану кезеңі) кезеңіне дейінгі белсенді температура жиынтығы 1471,40С-ты құраса, толық піскенге дейінгі температура жиынтығы 2100,10Сты құрады. Өсіп-дамуына қажетті оңтайлы температура 18,1 және 20,1 0С аралығында ауытқыды. Зерттеу жылдарындағы ылғалмен қамтамасыз етілу жағдайы пайзаның өсіп-дамуына кері әсерін тигізді және өнім
қалыптастыруда негізгі шектеуші фактор болып табылды. Тұқым өнімін қалыптастырудағы су пайдалану коэффициенті суармасыз жағдайда 579,5 м3 /ц болса, суармалы жағдайда аталған көрсеткіш топырақ ылғалының мол болуына байланысты біршама төмен болды - 317,6 м3 /ц. Ылғалға талабы бойынша қиын-қыстау кезеңі «түптену және түтікке шығу» кезеңдері екені белгіленді. Тұқымның танаптық өнгіштігі екі жылда орташа есеппен суармасыз жағдайға қарағанда, суармалы жағдайда 21,1%-ға, өсімдіктердің сақталуы 6,9%-ға жоғары болды. Сонымен қатар, егін жинар алдындағы өсімдіктердің
биіктігі суармасыз жағдайға қарағанда, суармалы жағдайдағы жер телімдерінде 25,9%-ға жоғары екені байқалды. Өсімдіктерді тәуліктік өсімі суармасыз жағдайда 0,6-дан 2,2 см-ге, суармалы жағдайда 1,3-тен 3,3 см-ге
дейінгі аралықта ауытқыды. Суармалы жағдайдағы жер телімдерінен суармасыз жағдайдағыға қарағанда қосымша 22,2 т/га жасыл масса, 2,7 т/га құрғақ масса және 2,6 т/га тұқым өнімдері алынды.