ТӘУЕКЕЛДІК АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ: ОҢТАЙЛЫ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР ІЗДЕНІСІНДЕ
Ключевые слова:
басқару, тәуекел, апатты тәуекел, белгісіздік, ауыл шаруашылығы, тұрақтылығы, мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі.Аннотация
Ауылшаруашылық тәуекел және оны тиімді басқару мәселесі Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамыту барысында негізгі проблемаға айналып отыр. Тікелей немесе жанама түрде, үкімет кәсіпорындар деңгейінде қабылданатын ауыл шаруашылығы тәуекелін басқару шешімдеріне айтарлықтай ықпал етеді. Алайда, ауылшаруашылық қарым-қатынастарды
реттеуде үкіметтің қатысуының өзі тәуекелдің тағы да бір маңызды көзі болып табылады. Нарықты әрі қарай ырықтандырумен байланысты, Дүниежүзілік Сауда Ұйымының ережелерін бұзбайтын және нарықтық заңдарды бұрмаламайтын ауылшаруашылық тәуекелдерді реттеу құралдарын пайдалану мәселесі өте маңызды орын алып отыр. Алайда, ауылшаруашылық тәуекелділіктерді реттеу үшін мемлекет тарапынан қолданылатын әрекеттер өнімнің шынайы
өндіріс тиімділігін көрсететін нарықтық сигналдардың бұрмалануына әкеледі. Сондықтан осындай сигналдардың бұрмалауын азайту және бюджет ресурстарын ұтымды пайдалану үшін Қазақстан үкіметі бірінші кезекте
қасірет шегіндегі жүйелік тәуекелдерді реттеуге бағытталуы керек. Бұл жағдайда табиғи апаттардың қолайсыздығымен ауыл шаруашылығына келтірілген залалды өтеуге мемлекеттің қаншалықты қатысуы керектігін анықтау үшін қайғылы және тек қана апатты тәуекелге ұшырайтын залалды оқшаулау өте маңызды.