КӘДІМГІ ҚАРАҒАЙ ТҰҚЫМДАРЫН СЕБЕР АЛДЫНДА ӘРТҮРЛІ ЫНТАЛАНДЫРҒЫШТАРМЕН ӨҢДЕУ

Авторы

  • Кабанова С.А,Данченко М.А. Кочегаров И.С. Кабанов А.Н. , Борцов В.А.

Ключевые слова:

ынталандырғыш, зертханалық шығым, өсім энергиясы, биіктік, ұласып өсу, кәдімгі қарағай

Аннотация

«Көкшетау» МҰТП Арықбалық филиалының орман тәлімбағында өсіргіш заттарды қолдана отырып тұқымдарданөсірілген кәдімгі қарағайдың біржылдық сеппе көшеттеріне бақылау жүргізілді. Отырғызар алдындатұқымдарды келесі ынталандырғыштардың ерітіндісінде сулау жүргізілді: экстрасол, эпин-экстра, натрий гуматыжәне гумат + 7 минерал,
циркон, «Байкал». Себілген тұқымдарды топырақ белсендіргіші Эрид Гроумен суару жүргізілді. Қәдімгі қарағай тұқымдарын 5 минут бойы экстросолде, 2 және 6 сағат бойы гумат + 7 минералда және 1 сағат бойы «Байкалда» сулау нұсқаларында ең жоғары өсім энергиясы және зертханалық шығым болғандығы айқындалды. Тәжірибелік нұсқалардың зертханалық
шығымы ең жоғары болды және 18-ден 41% дейін өзгерді, бақылауда ол 35% құрады. Барлық тәжірибелік сеппе көшеттер бақылау сеппе көшеттеріненбиіктігі бойынша асып түсті. Кәдімгі қарағайдың біржылдық сеппе көшеттерінің ұласып өсуі тұқымдарды себер алдында 30 минут (97,6%), 1 сағат (91,1%) бойы «Байкалмен» өңдеу және Na гуматында (2 сағат) (90,0%) сулау кезіндегі нұсқаларда жеткілікті үлкен болды. Тек екі нұсқа (кәдімгі қарағай тұқымдарын 5 минут бойы экстросолде, гумат + 7 минералда (2 сағат) сулау кезінде) бақылаудан артта қалды. Жүргізілген бақылаулардың нәтижесінде кәдімгі қарағайдың біржылдық сеппе көшеттерінің ұласып өсуі мен биіктікке өсуіне кәдімгі қарағай тұқымдарын себер алдында өңдеудің оң әсері анықталды. Тұқымдар үшін Солтүстік Қазақстан облысы жағдайында «Байкал» 30 минут және 1 сағат бойы
сулаумен, сондай-ақ Na гуматы 2 сағат сулау ұзақтығымен ең жақсы ынталандырғыштар болып табылады, бұл рангілік талдаумен дәлелденген.

Загрузки

Опубликован

2021-05-30