АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСЫЛ АЙМАҒЫНДАҒЫ ОРМАН ЕКПЕЛЕРІНІҢ САҚТАЛУЫ МЕН ӨСІМІНЕ БАҚЫЛАУЛАР ЖҮРГІЗУ
Ключевые слова:
жіңішке жапырақты жиде өзін жақсы көрсетті, алайда кәдімгі қарағайға сияқты, жіңішке жапырақты жиденің екпелеріне орман жарамды топырақты таңдау қажеттігін ескеру қажет.Аннотация
Мақалада «Астана орманы» ЖШС мемлекеттік орман қорында 2012- 2014 жылдары отырғызылған орман екпелерін зерттеу мәліметтері келтірілген. Өсімдіктер діңсақталуын, өсімін және жағдайын зерттеу жүргізілді. Кәдімгі қарағайда ең жоғары сақталу айқындалды – 87,3% бастап, 2012 жылғы отырғызылым екпелерінде, 93,8% дейін, 2014 жылғыекпелерде. Қылқан жапырақты түрлер – интродуценттер арасында ең жоғары сақталу 2014 жылы отырғызылған сібір шыршасында болды (81%). Жапырақты түрлерде де сақталу жоғары деңгейде болды, тек жартылай сақталып қалған кәдімгі еменнен басқасында. Қылқан жапырақты және жапырақты түрлердің ассимиляциялық аппаратының биометриялық көрсетіштері анықталды,
бақылау жылдары бойынша қылқан жапырақты түрлердің өсім динамикасы келтірілді. Кәдімгі қарағайда еңжоғары өсім және биіктік анықталды – сәйкес 53,2 и 155,0 см. Жіңішке жапырақты жиде биіктігі бойынша барлық өсімдіктерден асып түсті - 336 см. Сондай-ақ жақсы биіктік және өсімжапырақты тұқымдастарда анықталды (мойыл, татарүйеңкісі, ұсақ жапырақты жөке).Өсімдіктер сау түрде болды, зиянкестермен зақымдалулар байқалмады. Алынған мәліметтердің негізінде ықтырма аралық кеңістіктерді әрі қарай толықтыру үшін Солтүстік Қазақстан жағдайлары үшін анағұрлым бейімделген түр ретінде кәдімгі қарағайды, ақырын өсетін болғанымен, алайда түрдің анағұрлым сәндік сапасына иесі бір және тікенек шыршаны
ұсынуға болады. Жапырақты түрлерден бірқатар пайдалы қасиеттері бар жіңішке жапырақты жиде өзін жақсы көрсетті, алайда кәдімгі қарағайға сияқты, жіңішке жапырақты жиденің екпелеріне орман жарамды топырақты таңдау қажеттігін ескеру қажет