ВОЗМОЖНОСТИ ВЗАИМОДЕЙСТВИЯ УНИВЕРСИТЕТОВ И ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСКОГО СЕКТОРА В СФЕРЕ ИННОВАЦИЙ
Ключевые слова:
Инновациялық экожүйе, университет, кәсіпкерлік, венчурлық қор, эндаумент қоры.Аннотация
Осы зерттеудің мақсаты – университеттер мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықтың ықтимал жолдарын анықтау, осының негізде жоғары оқу орындары мен өндірістін арасындағы өзара іс-қимыл механизмдерді әзірлеу. Академиялық университет қызметкерлері, сонымен қатар ғылымизерттеу институттары, компаниялар, бизнес-қауымдастықтар, қаржы
институттары және басқалар сияқты сыртқы серіктестер (стейкхолдерлер) яғни барлық қатысушылар мен мүдделі тараптардың ынтымақтастығын арттыру үшін мүмкіндіктерді жүзеге асырудан инновация саласын дамуы тәуелді екендігі көрсетілген. Дуалды оқыту жүйесі, білім беру, ғылыми-зерттеу және өндірістік кешендер, инновациялық кластерлер сияқты жоғары оқу орындары мен кәсіпорындар арасында қолданыстағы ынтымақтастық тетіктерін талдау көрсетілген. Инновациялық үдеріс, оның құрылымы, даму бағыттары және инновацияларды енгізу кезеңдері көрсетілген. Қоғам мен нарық қажеттіліктеріне негізделген инновациялық процестің моделін пайдалану ұсынылады. Авторлар инновация саласындағы жоғары оқу орындары мен компаниялар арасында өзара іс-қимылды, сонымен бірге студенттердің
құзыреттілігін дамыту; түлектерді жұмысқа орналастыру; ғылыми әзірлемелерді коммерциализациялау; инновациялық инфрақұрылымды дамыту сияқты болатын тиімділікті анық көрсетті. Қазақстандағы инновацияларды жылжыту мақсатымен эндаумент қорын және венчурлық қаржыландыруды пайдалану мүмкіндігі қарастырылған.