-

Авторы

  • А.Т. Канаев, П.А. Тополянский, Б.Т. Жусин, А.А Гуляренко

Ключевые слова:

Плазма, упрочнение, сменные детали, структура, свойства износостойкость, твердость, ударная вязкость.

Аннотация

Ауыржүктелген бөлшектердің эксплутациялық ресурсын ұзартуда беттік плазмалық шынықтыру параметрлерінің универсалдығы, қолжетімділігі және экономикалық тимділігі жағынан рационалды болып табылатыны көрсетілген. Мұндай беріктендіруші термиялық өңдеу, беткі қабатының кедір-бұдырлығын өзгертпей, бөлшектерді қайтадан орнына келтіру
технологиясына жеңіл енгізіледі. Шығымы аз, соңғы операция, еңбекөнімділігі жеткілікті және ауылшаруашылық машиналарының жұмыс органдарының ауыспалы бөлшектерінің эксплуатациялық тұрақтылыгын тиімді көрсетеді.
65Г болатынан жасалған жалпақ үлгілердің термиялық беріктендірудің зерттелген 5 вариантының нәтижелерін салыстыру арқылы топырақөңдеуші машиналардың жұмыс органдарының ауыспалы бөлшектерінің жоғары беріктік және созылмалылық қасиеттерінің жақсы үйлесуін плазмалық шыныөтыру мен 300°С-де босату өамамасыз ететіні негізделген.
Плазмалық шынықтыруда болатын өте тез қыздыру жылдамдығында фазалық түрлендірулер жоғары температураға қарай ығысады және мұндай термиялық үрдіс жаңа фазаның пайда болуы мен өсуінің кинетикасына зор әсер етеді. Аустениттің пайда болу жылдамдығы мен өсу жылдамдығының арақатынасы өзгереді. Температура көтерілген сайын аустениттің пайда болу жылдамдығы оның өсу жылдамдығынан тезірек жүреді, сол себепті аустениттің пайда болу жылдамдығы өсу жылдамдығынан сандық жағынан үнемі алда болып отырады. Бұл өз кезегінде ұсақ-түйіршікті аустениттің қалыптасуына, оның жоғары дисперсті, әрі беріктігі жоғары мартенситке түрленуіне әкеледі. Сәйкесінше бөлшектердің қажалысы тозуға төзімділігі артады.

Загрузки

Опубликован

2021-05-30