-
Ключевые слова:
-Аннотация
Тоқ және қатты жерде үлкен диаметрлі ұңғыманы бұрғылауда, оның қолдану аясын кеңейту және өнімдігін арттыру үшін динамикалық қосымша энергия түрінде комбинациялық тәсіл ұсынылған. Идеяны жүзеге асыру үшін бұргылау механизімінің талдауы жасалған, БСД статикалық-динамикалық әсірні бұрғылау жұмыстық органының конструктивтік сұлбасы негізделген.
Бұрғылау жұмыстық органына әсер етуші күштерін талдау статикалық кесу және топырақты динамикалық бұзу кезеңдеріне бөлінген. Забойды бұзу маханизмі айналдыру маменті, өстік беріс күші және соққы жүктемесінің бірлескен әрекетінен тұрады. Бұрғылау құралына топырақтың қысуға, кесуге, динамикалық бұзуға және массаның тасымалдауға карсылық күші әсер етеді. Ұңғыманы бұрғылау технологиясына және техникалық іске асырылатын нұскаларын талдауға сәйкес БСД статикалық-динамикалық әсерлі жұмыстық бұрғылау органының конструкциялық сұлбасын негізделген. Оған мына элементтер жатады: соққы құрылғысы, жер жынысын бұзу құралдары, топырақты тасымалдағыш, энергия жеткізу құрылғысы. Қуатты соққы құрылғылардың көлбеу орналасуын ұңғыма диаметрлі шектейді. Ұңғыманың ең аз диаметрі 3 м-дей болғанда, қуатты соққы құрылғының тиімді бұрғышпен орналасуы орын алады. Соққы импульсінің бағытын өзгерту механизмі бар соққы құрылғысы әзірленген. Оны қолдану бұрғылау жұмыс органын құрастыруды жеңілдеріп, жерді қабатты
динамикалық бұзу тәсілін қолдануға ықпал етті