-

Авторы

  • -

Ключевые слова:

-

Аннотация

Мақалада тың игеру аймақтарына енген Қазақстанның солтүстік облыстары материалдары негізінде ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында тың және тыңайған жерлерді игеру бойынша экономикалық реформаның саяси аспектілері қарастырылады. Бұл мақаланың өзектілігі аталған ғылыми тақырыптың аз зерттелгендігі мен бұрындары ғылыми айналымда қолданылмаған жаңа мұрағат көздерін негізге ала отырып зерттеу қажеттілігі туындап отырғандығымен байланысты. Зерттеудің дереккөздер базасын Қазақстан Республикасы президенті қорының, Солтүстік Қазақстан облысы мен қалаларының мемлекеттік мұрағаты қорларының құпиялылығы алынған деректі материалдары құрады. Авторлардың тарапынан дереккөздер мен әдебиеттерді жүйелі түрде сараптауы негізінде тың игеру кеңестік мемлекеттің тек экономикалық қана
емес, сонымен қатар тарихи дамудың жаңа кезеңі кезіндегі мемлекеттің саяси мәселелерін де шешуге бағытталған ірі жоба болғандығы жөнінде концепт қалыптастырылған. Аталған жобаны жүзеге асыру жұмысы оның экономикалық тиімділігіне, экологиялық ұтымдылығы мен әлеуметтік нәтижелелегіне ғылыми негіздеме жасамастан жүргізілген. Тың игеру мемлекеттік маңызды мәселе болып табылған соғыстан кейінгі жылдардағы елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, халықтарды жер аудару сталиндік саясатының салдарынан арылу мәселелерін шешуге септігін тигізді. Бұл реформаның саясаттандырылғанын тың игеру ұрандары, қабылданған әкімшілік шешімдер, мәдени-бұқаралық жұмыстар мен кең ауқымдағы идеологиялық насихат жұмыстарынан көруге болады. Тың игеру Хрущев дәуірінің нышаны болды. Тың игеру ұрандары мен идеясы негізінде жаңа ұрпақ өсіп жетілді. Қазақстанның тың жерлерінің әкімшілік және ұйымдастырушылық орталығы болып табылған Целиноград қаласы урбанистік жобасын кеңестік мемлекеттің тың игеру бойынша саяси
стратегиялық бағытының бір бөлшегі ретінде қарастыруға болады. Мақала «Тың игеру жылдарындағы Қазақстанның солтүстік облыстарындағы әлеуметтік үдерістер және олардың аймақтағы әлеуметтікмәдени ортаға тигізген әсері» жобасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында жазылған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Елдің зияткерлік әлеуеті" басымдылығы бойынша (06.03.2017 жылғы № 242
келісімшарт).

Загрузки

Опубликован

2021-05-30