ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЭЛЕМЕНТТЕРІН АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСІНДЕ ҚОЛДАНУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2020.4(107).31Ключевые слова:
нақты егіншілік, цифрландыру элементтері, геоақпараттық жүйелер, Жерді қашықтықтан тексеру мәліметтері, жаһандық позициялау жүйесі, қосарлы жүргізу, танаптардың электрондық карталары, агрохимиялық тексеру, ақпарат мониторингі.Аннотация
Атқарылған жүмыстың мақсатына қарай ауыл шаруашылығы өндірісін цифрландырудың барлық элементтерін төрт негізгі топқа бөлуге болады: техника жұмысының мониторингі, танаптардың құнарлылығының әртектілігін ескере отырып, сараланған басқару, қосарлы жүргізу жүйесін енгізу арқылы қайта артық себілген көлемін қысқарту, машиналардың техникалық жағдайын басқаруды автоматтандыру болып табылады. Цифрландыру элементтерін енгізу үшін зауыттан нақты егіншілікке арналып енгізілген жүйелермен жабдықталған "ақылды" техниканы сатып алу немесе кәсіпорында бар техниканы жаңғырту қажет. Құбылмалы егіншілік аймағы жағдайын ескере оларды енгізуге жұмсалатын ең аз шығын кетіру арқылы ең үлкен нәтиже беретін цифрландыру элементтеріне басымдылық беру қажет. Ауыл шаруашылығын цифрландыруды дамытудың болашақтағы бағыты шаруашылықтың пайдалылығы мен көлемін, климаттық аймақты, GSM желілерінің қолжетімділігін, құнарлылық көрсеткіштерінің құбылмалылығын және басқа да көрсеткіштерді ескеретін нақты өндірістік жағдайлар үшін цифрландыру жүйесін моделдеу болуы мүмкін.