-

Авторы

  • Яцюк С.В., Шестакова Н.А., Гордеева Е.А.

Ключевые слова:

-

Аннотация

Мақалада Солтүстік Қазақстанның құрғақдалалық жағдайында 2016- 2017 жылдары екі жылдық зерттеулерге ауа-райы жағдайының өнімділікке әсерін анықтау мақсатында, күнбағыстың пісу уақыты жағынан (ерте, орташаерте және орташа) ерекшеленетін 16 әртүрлі буданға сараптама жасалған. Зерттеу нәтижесінде, тұқымның жоғары өнімділік құру үшін,
ауаның тиімді температурасымен қатар, өсімдікті себер алдында және өсу кезіндегі жауын-шашынның мөлшері мен оның таралуы да үлкен мәнге ие екендігі анықталды. Күнбағыс күзгі-қысқы жауын-шашыннан жиналған топырақтың ылғал қорын жақсы пайдаланады. Егістік қабатының себу алдындағы ылғалмен қамтамасыз етілу(пайдалы ылғалдылық қоры 11,6-дан
13,8 мм-ге дейін) жағдайы, тұқымның өсіп шығуы мен өскіннің жақсы жаппай шығуы үшін қанағаттанарлықтай болды. Өсімдіктің егістік жағдайындағы өнуі екі жылда орташа 77-87% құрады, ал өсудің алғашқы кезеңінде жақсы жетілуі өнімді жинауға дейін өсімдіктің өміршеңдігін 90,3– 94,6 % аралығында алуға мүмкіндік берді. Алынған нәтижелерге сүйене
отырып барлық будандардың аймақ жағдайына жақсы икемделгендігін байқауға болады. Зерттеу жылдары ауа-райы жағдайы бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленді, өсімдіктердің әртүрлі дәрежеде ылғалмен қамтамасыз етілуіне байланысты күнбағыс будандарының өнімділігі айтарлықтай ерекшеленді: ылғалды 2016 жылы маусым – шілде айларында жауын-шашын көп болуы (көпжылдық мөлшерден 113%) өнімділік 28,5-тен 41,2 ц/га аралығында; 2017 жылы өсімдіктің даму фазасында ешқандай жауын-шашынсыз (өсудің екеінші бөлігінде қатты құрғақшылық) - 6,5-тен 9,0 ц/га болды. Салыстырмалы бағалау барысында күнбағыс будандарының өнімділігі бойынша құрғақдалалық аймақтағы агроклиматтық ресурстардың әсері фонында қоңыр – қара топырақта өсіруге перспективті болып табылатындары: ерте пісетін топтан - Роки және Тристан буданы, ал орташаерте пісетін топтан - Санай, Делфи, Кадикс, ал орташа пісетін топтан - Диамантис, Бакарди, Неостар екендігін көрсетті.

Загрузки

Опубликован

2021-05-30