-

Авторы

  • Сагалбеков Е.У.

Ключевые слова:

-

Аннотация

Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылық ҒЗИ-да (Көкшетау ТӨШ) көпжылдық малазықтық шөптердің малазықтық салмағының жоғары өнімділікті және жақсартылған сапалы, қолайсыз ауа жағдайларына, әсіресе қысқа, құрғақшылыққа төзімді, аурулар мен зиянкестерге төзімді – республиканың әрбір аймағында көпжоспарлы пайдалану үшін жарамды бола
алатын жоғарыөнімді сорттар шығарылған. Соның ішінде өзгермелі жонышқа сорты Ханшаим және сары түйежонышқа сорты Кокшетауский 14, осы сорттар селекцияның салыстырмалы түрде жаңа әдісі арқылы шығарылған, бұл поликросс әдісі – гетерозистің жоғары тиімділігімен күрделібуданды синтетикалық популяцияларды шығару, бұл әдістің негізгі мақсаты – әртүрлі бастапқы материалды қолдануды қамтамасыз ететін әртүрлі генетикалық негізде кең және толық қайта тозаңдану. Селекциялық процестің осы қолданған әдісі сорттарды шығарудың ұзақтығын 8-10 жылға дейін қысқарта білді. Жонышқаның жаңа Ханшаим сорты жасыл салмағының өнімділігі бойынша жоғары көрсеткіштерді көрсетті, қосымша өнім +49 ц/га немесе
17,5% стандарт деңгейімен 279 ц/га салыстырғанда. Ауа-құрғақ салмағының өнімділігі бойынша стандартпен салыстырғанда 16% жоғары болды. Тұқым өнімділігі 2,1 ц/га деңгейінде, 40% дейін жоғары. Сары түйежонышқаның жаңа Кокшетауский 14 сорты малазықтық салмағы бойынша жоғары өнімділікті көрсетті, стандарт сортының жасыл салмағымен салыстырғанда 11,3 % және шөп деңгейі бойынша – 11,7% жоғары. Айтарлықтай жоғары тұқым өнімділігімен (стандарттан 14,8%
жоғары), қысқа және құрғақшылыққа төзімділігімен ерекшеленді. Шаруашылық-бағалы белгілерінің қалған көрсеткіштері стандарт деңгейінде болды. Ақмола облысының зеренді ауданында орналасқан «Колос-2014» ЖШСнің мал шаруашылығында жүргізген өндірістік сортсынау нәтижелері бойынша жаңа сорттар басымдылық танытты, жасыл салмағы да бойынша (11-12% жоғары), тұқым өнімділігі да бойынша (2 есе жоғары).

Загрузки

Опубликован

2021-05-30