ЖАЗДЫҚ БИДАЙ ЕГІСТІГІНДЕ НЕГІЗГІ ФИТОФАГТАРДЫҢ СЕБУ МЕРЗІМІНЕ, АЛҒЫ ДАҚЫЛДАРҒА, ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТАРАЛУЫ

Авторы

  • Тулеева А.К., Усманова П.И.

Ключевые слова:

бидай, егістік, зиянкес, алғы дақыл, себу мерзімі, ылғалдылық, құрғақшылық, саны, зақымдалу.

Аннотация

Интегралды өсімдік қорғаудың концепциясында өсірілетін дақылдардың өнімділігін сақтау мен пестицидтерді қолданудың көлемін төмендету үшін зиянды ағзалар түрлерінің дамуы мен таралуын жоюда барлық әдістер мен тәсілдерді қолдану қажет. Астық өндірісін жоғары мамандандыруда жаздық бидайды өсірудің минималды технологиясында фитосанитарлық жағдайды реттеу тәсілдері шектелген. Топырақ өңдеудің болмауы, өсімдік қалдықтарын максималды қалдырылуы, көбінесе астық дақылдарының қалдықтарында маманданған зиянды бунақденелілердің дамуы мен таралуына қолайлы жағдай
туады. Зерттеу жылдарындағы ауа райы жағдайлары бойынша бидай егістіктеріндегі фитосанитарлық жағдай тұрақсыз болуымен ерекшеленеді. Зерттеулер көрсеткендей, вегетация кезеңінде жауын-шашын мөлшерінің түсуіне байланысты зиянкестердің саны айтарлықтай өзгереді. Құрғақшылық жағдайда бидай егістікте астық жолақ бүргесі (Phyllotreta vittula Redt.), бидай трипсі (Haplothrips tritici Kurd.), шегірткелер (ақжолақты Chorthippus albomarginatus Deg., айқышты Pararcyptera microptera F.-W., кіші айқышты Dociostaurus brevicollis Ev. және т.б.) саны артып, олар өсімдіктерге қауіпті деңгейде таралады. Ылғал мол жылдары дәннің сұр көбелегіне (Apamea anceps Schiff.), гессен (Mayettiola destructor Say.) және швед шыбындарына (Oscinella pusilla Mg.), бітелерге (Sitobion avenae F., Brachycolus noxius Mordv.) қолайлы жағдай жасап, олардың көбеюіне ықпал етеді. Жаздық жұмсақ бидайды зиянкестерден қорғауда себу мерзімі мен алғы дақылды таңдау маңызды рөл атқарады. Себу мерзімі оңтайлы және кеш (22 мамырдан кейін) болған жағдайда астық жолақ бүргесінің, дәннің сұр көбелегінің, саны мен зияндылығын төмендетеді. Бірақ мұндай егістіктерде бидай өсімдіктері швед шыбынының дернәсілдерімен қатты зақымдалады жәнеегістіктің сиреуіне әсер етеді. Бидайды қайталап отырғызғанда мамандырылған
зиянкестердің саны артады. Ауыспалы егістікке сүрі жер, рапс, бұршақ, сұлы дақылдарын енгізу фитосанитарлық жағдайды жақсартады.

Загрузки

Опубликован

2021-05-30