-

Авторы

  • А. П. Науанова, Д.М., Ерпашева А.Е. Ермеков, А. Жеделбаева

Ключевые слова:

-

Аннотация

Барлық зерттелген кебір топырақтарда ақуызды шірітетін аммонификаторлар саны азоттың бейорганикалық формаларымен қоректенетін микроағзалардан басым болды. Аммонификатор микроағзалардың ең жоғарғы саны ұсақ құба кебір топырақтың А қабатында (16,0×106 КТБ/г) болса, төменгі қабаттарда олардың саны бірден азайып кететіні байқалды. Топырақтың жоғарғы қабатындағы целлюлозаны ыдыратушы актиномицеттердің саны целлюлоза ыдыратушы саңырауқұлақтардан 2-21,5 есе басым, бұл кебір топырақтарда өсімдік қалдықтарының ыдырауына негізінен актиномицеттер қатысатынымен түсіндіріледі. Бактериялардың жоғары мөлшері орташа құба кебір топырақтың қарашірінділі-аккумулятивті қабатында 2,5×106 КТБ/г құрады. Амилолитикалық бактериялар топырақтың В қабатында (2×106 КОЕ/г) ең көп таралған. Целлюлоза ыдыратушы микроағзалардың ішінен тек саңырауқұлақтар ғана анықталды. Амилолитикалық бактериялардың жоғары саны күңгірт қара қоңыр топырақтардың толық дамымаған, аз қалыңдықты
және орташа қалыңдықты карбонатты түрлерінің қарашірінділі- аккумулятивті қабатында байқалады. Топырақ қабаттары төмендеген сайын микроағзалар саны төмендейді. Олардан кейін гетеротрофты бактериялардың жоғары мөлшері топырақтың В қабатында екендігі байқалады. Күңгірт қара қоңыр толық дамымаған және аз қалыңдықты топырақтардың А қабатында целлюлоза ыдыратушы микроағзалардан саңырауқұлақтарға қарағанда актиномицеттер саны 2-3 есе жоғары, төменгі қабаттарда целлюлоза ыдыратушы актиномицеттер байқалмайды, бірақ-та саңырауқұлақтар саны өзгермейді (10×103 КТБ/г). Солтүстік Қазақстан топырақтарын (сортаң, кебір, күңгірт қара қоңыр, қара қоңыр және қара) зерттеу барысында олар бір-бірінен микроағзалар тобының саны және құрамымен ерекшеленді. Әртүрлі қоректік орталарға талдау барысында микроағзалардың жоғары мөлшері топырақтың қарашірінділі -аккумулятивті қабатына шоғырланғаны белгілі болды. Төменгі қабаттарда микроағзалар санының аз болуы органикалық заттар мен оттегінің жетіспеушілігімен байланысты.

Загрузки

Опубликован

2021-05-29