-
Ключевые слова:
-Аннотация
Мақалада ұрықталған аналық жасушаларын in vivo жуып алу әдістерінің тиімділігін анықтау мақсатында 81 ақжайық етті-жүнді тұқымды қой аналықтарына шаруашылық жағдайында қойылған эксперименттер нәтижелері сипатталады. Тәжірибе нәтижесінде Шымкент биофабрикасының буаз бие сарысуымен (ББС) стимулдаудан кейін 84,6% аналықтар ұрықтандырылды және әр жануарға санағанда 2,54 толыққанды эмбрион алынды, ал Покров биофабрикасының гонатотропты сарысуынан (ГС) кейін осы көрсеткіштер, сәйкесінше, 78,6% және 2,78 және Каунас эндокрин препараттар зауытының фоллитропинынан (ФТ) кейін – 93,3% және 4,5 болды. Ұрықтандырудан кейін 2-3-күндері алынған кезде эмбриондардың ең жоғары деңгейде жуылып алынуы (69%) жатыр мүйізі мен аналық жасуша жолын бір уақытта жуғанда жуылған сұйықтықты жинау үшін валигі бар
металл канюляны қолданғанда орын алды. Сонымен, осы әдісті өндіріс жағдайында қой аналықтарына эмбриондарды трансплантация жасау үшін ендіруге ұсынуға болады.