-
Ключевые слова:
-Аннотация
Мақалада Солтүстік Қазақстанның күңгірт қара-қоңыр топырақты құрғақшылықты аймағында мақсары (Carthamus tinctorius L.) сорттарының өнімділігіне әр түрлі топырақ дайындау технологияларының әсерін зерттеу бойынша үш жылдық (2015-2017 жж) нәтижелер келтірілген, сондай-ақ, дақылды өсірудің экономикалық және биоэнергетикалық тиімділігі көрсетілген.
Зерттеу жылдарында қалыптасқан ауа райы жағдайларына жасалынған сараптамаға сәйкес, мақсары сорттарының өсіп дамуы кезеңінде ылғалмен қамтамасыз ету деңгейі бойынша 2015 және 2016 жылдар оңтайлы болып табылды, ал 2017 жылқолайсыздау, яғни, ылғал тапшылығы байқалып, гидротермиялық коэффициент көрсеткіші бойынша «құрғақ» деп бағаланды. Зерттеу жылдарында тамыз және қыркүйек айлары жылы әрі құрғақ болып, мақсары сорттарының тұқымының қалыптасуы мен пісуі кезеңдерінің қарқынды жүруіне ықпал етті, ол тұрақты тұқым өнімін алуды және зерттелген нұсқалардың экономикалық тиімділігін қамтамасыз етті. Зерттеу нәтижелері бойынша мақсары сорттарының өнімділігінің жоғарылауына Минималды I топырақ дайындау технологиясының оң әсері анықталды. Сыналған сорттардың ішінен жоғары өнімділікті Центр 70 сорты көрсетті, басқа сорттармен салыстырғанда өнімділік - 0,7-2,7 ц/га артты. Зерттеу жылдарында
экономикалық тұрғыдан тиімді сорт Минималды I топырақ дайындау технологиясы қолданылған нұсқада өсірілген Центр 70 сорты болып табылды, аталмыш сорттың рентабельділік деңгейі - 134,8% - ды құрады, ол басқа зерттеу нұсқаларында өсірілген сорттар рентабельділік деңгейінен -3,6 - 45,6% - ға жоғары болды. Мақсары сорттарын өсірудің биоэнергетикалық
тиімділігі Минималды I топырақ дайындау технологиясы қолданылған нұсқада қалыптасты, энергетикалық тиімділік коэффициенті - 6,2 - 6,6 құрады.