СОВРЕМЕННЫЙ ПОДХОД ПРИ ВНУТРИХОЗЯЙСТВЕННОМ ЗЕМЛЕУСТРОЙСТВЕ АГРОФОРМИРОВАНИЙ
Ключевые слова:
-Аннотация
Аталмыш зерттеу жұмысының негізгі мақсаты ішкішаруашылық жерге орналастыруды ландшафттық негізде жетілдіру. Зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін Солтүстік Қазақстан облысының нысандары алынды. Зерттеу жұмыстары жүйелі қағидаларға негізделе орындалды, сондықтан жалпы ландшафттық жүйенің түлі рангтері ауылшаруашылық өндірісінің нақты жер пайдаланушылығында құрылған. Жер пайдаланушылығының ландшафттық жағдайының сараптау барасында табиғи және антропогендік компоненттер негізделді, олардалалық анторопогендік ландшафттық жүйеге жатады. Ландшафттық картографиялық жұмыстар морфологиялық және пападинамикалық табиғи ландшафттың құрылымдарын зерртеу негізінде жүзеге асырылды. Таңдалып алынған жер пайдаланушылық территориясында графикалық моделдеу мен геоақпараттық технологиялардың көмегімен эрозиялық карта және ірі масштабтағы ландшафттық картаның гипотезі құрылды. Ауылшаруашылық өндірісінің территориясын агроэкологиялық бағалау жұмысының негізгі мақсаты табиғи
факторлары бойынша бірегей және экологиялық бүліну дәрежесін анықтауға негізделе отырып шаруашылықтарда аталған факторлардың әсерін белгілеуге бағытталған. Зерттеу барысында ландшафттық жағдай негізінде ландшафттық микрозоналарды анықтау, ауылшаруашылық алаптарды ұйымдастырудың ерекшеліктерін белгілеу және жыртылған жер
территориясын реттестірудің іс-әрекеттерінің тәртібі жасалған. Агроландшафттық жағдайларды бағалау мен территорияның
агроэкологиялық жағдайының негізінде территоряны агроландшафттық микрозоналау жұмысы жүргізіледі. Ол функционалдық микрозонаны ландшафттық бірлікке біріктіру үшін мәліметтерді топтастыру әдәсәнәң көмегімен орындалды. Солтүстік Қазақстанның шаруашылықтарының территориясында келесідей агроландшафттық микрозонаға бөлуге болады: табиғатты қорғау мақсатында (толық немесе бөлшектенген консервацияда), пайдаланылудың ерекше режимінде, ауылшаруашылық потенциялын қайта өңдеу, далалық ландшафттарды, шүйгін және жайылымдық ландшафттарды. Таңдалып алынған шаруашылықтардың территориясында графикалық моделдеудің көмегімен ландшафттық негіздегі жерге орналастыру жобасы жасалды. Жобаның басты тапсырмасы агроланшафттық элементтерді
экологиялық негізделген кеңістіктік орналастыру немесе реттестіру болып табылды. Сонымен қатар, олардың тиімді конфигурацияларын анықтау барысында технологиялық талаптары да ескерілді. Жобаның эксперименталдық негізделуі барысында территорияны агроландшафттық ұйымдастырудың тиімді нәтижесі анықталды. Агроландшафттыө жерге
орналастыру жобасының экологиялық негізгі мақсаты, территорияны ұйымдастыру барасында жобаның антропогендік сиымдылығын қамтамасыз ету және ландшафттың құрылымына қорытындыланған.