АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАР ТЕРРИТОРИЯСЫН ЛАНДШАФТТЫҚ НЕГІЗДЕ ҰЙЫМДСТЫРУ РЕТТІЛІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторы

  • Карбозов Т.Е.

Ключевые слова:

жерге орналастыру, агроқұрылымдар, жер пайдаланушылық, ландшафты-экологиялық агроландшафт, территорияны ұйымдастыру, ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігі, территорияны аймақтау

Аннотация

Мақалада ішкішаруашылық жерге орналастыруды ландшафттық негізде жүргізу кезінде ауылшаруашылық кәсіпорындар жерлерінің пайдаланылуы мен қорғалуын ұйымдастыруды реттестіру қажеттілігі қарастырылған. Терри-торияны ландшафттық тұрғыдан ұйымдастырудың маңызы, табиғат қорғау шараларын экологиялық тұрақты ландшафттарды қалыптастыру жүйесінде қарастыру арқылы олардан тиімділік алу болып табылады. Берілген зерттеудің мақсаты ауылшаруашылық кәсіпорындар территориясын агроландшафттық ұйымдастыру заңдылықтарын анықтау, жерге орналастырудың теориялық және әдістемелік негіздерін жетілдіру. Жасалған жұмыс нәтижесінде территорияны ландшафттық бағалау арқылы экологиялық тұрақты жер пайдаланушылық-тарды қалыптастыру мүмкіндігі оқып зерттелген.

Загрузки

Опубликован

2021-05-29