ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІСІН РЕТТЕУ САЛАСЫНДА НОРМАТИВТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАЛАРДЫҢ БАЛАМДЫЛЫҒЫН ТАНЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ НЕГІЗДЕРІ

Авторы

  • Абсеитов Е.Т. Ермаханова Ф.Р., Алина А.Ж

Ключевые слова:

органикалық ауыл шаруашылығы, сәйкестікті растау, ұлттық стандарт, техникалық реттеу, баламдылықты тану, бағаламдылықты бағалау

Аннотация

Соңғы жылдары Қазақстанда органикалық өнім бағыты қарқынды даму үстінде. ФАО дүниежүзі бойынша ауылшаруашылық және азық-түлік ұйымының мәліметтерінде, елімізде халықаралық органикалық стандарттарға сәйкес 300 мың га ауылшаруашылық жерлері, 29 өндіруші мен 19 қайта өңдеуші ұйымдары сертификатталғандығы көрсетілген. Қазақстанда
органикалық ауылшаруашылық өнімін өндіру мен сауда көлемінің өсуі органикалық ауылшаруашылығына қатысты талаптарды жасауға бағытталған ұлттық заңнаманың, сондай-ақ сәйкестікті растаудың ұйымдастырушылық және әдістемелік негізін құруының жандануымен бірге дамуда. Әдетте, ұлттық органикалық стандарттар мен техникалық регламенттер ұлттық немесе аймақтық жағдайларды ескеріле отырып әзірленеді және қабылданады. Ұлттық географиялық және агрономиялық жағдайлардың, мәдениет пен даму деңгейінің алуан түрлілігіне байланысты, органикалық өнім өндірісі мен қайта өңдеу стандарттарында, техникалық шарттарында болатын айырмашылықтардың болуы түсінікті және қабылданады. Дегенмен нормативтік құжаттаманың әр түрлілігі органикалық өнімнің айналысын қиындатады. Баламдылықты тану, яғни әртүрлі стандарттар немесе техникалық регламенттер ортақ мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ете алатынын тану, халықаралық сауда келісімдерінде кеңінен қолданылады. Бұл мақалада ұлттық органикалық стандарттардың халықаралық талаптар және нормалармен баламдылықты танудың өзектілігіне байланысты органикалық нарықтың көрсеткіштері келтірілді, Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі саласындағы нормативтік-техникалық базасына талдау жасалды, баламдылықты және өзара тануды қамтамасыз ететін әлеуетті механизмдер қарастырылды. Зерттеудің мақсаты ұлттық органикалық өнім өндірісі саласындағы заңнаманың, нормативтік құжаттардың баламдылығын тану бойынша ұсыныстар келтіру.

Загрузки

Опубликован

2021-05-29