ҚҰРАМДАСТЫРЫЛҒАН СІҢІРГІШТЕРІ БАР СЕПКІШТЕРДІҢ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ АНАЛИЗІ
Ключевые слова:
сепкіш, дискілі және чизельді сіңіргіштер, культиватор табаны, аңыз, агротехникалық көрсеткіштер, себу, өтімділік, егін түсімі, экономикалық әсер.Аннотация
Чизельді-дискілі-чизельді сіңіргіштері бар сепкіштің сынақтық үлгісі аңызды сақтау қабілеті бойынша табанды-дискілі-табанды сіңіргіштері бар сепкіштің сынақтық үлгісінен 11,2%-ға басым (79,1% және 67,9%) және сериялы сепкіштен 21% -ға басым (79,1% және 58,1%). Чизельді-дискілічизельді сіңіргіштері бар сепкішпен себілген сынақтық участоктағы егін
түсімі 14,03ц/га және табанды-дискілі-табанды сіңіргіштері бар сепкішпен себілген сынақтық участоктағы егін түсімі -15,28ц/га, ал бақылау участогындағы егін түсімі 13,56 ц/га құрайды, осылайша егін түсімінің артуы 0,67ц/га дан 1,72ц/га (3,5% және 12,7%) дейінгі аралықты құрайды. Құрамдастырылған сіңіргіштері бар сепкіштің сынақтық үлгілерінің қалған агротехникалық көрсеткіштері сериялық сепкіштің көрсеткіштерінің деңгейінде болады. Құрамдастырылған сіңіргіштері бар сепкіштің сынақтық үлгілерінің тарту кедергісі сериялық сепкішпен салыстырғанда 1,83-2,5 есеаза болады. Табанды-дискілі-табанды сіңіргіштері бар сепкіштің сынақтық үлгісін қолданудың есептік жылдық экономикалық әсері сериялық сепкішпен салыстырғанда 995874,6 теңгені, ал чизельді-дискілі-чизельді сіңіргіштері бар сепкіштің сынақтық үлгісінікі 419263,6 теңгені құрады. Экономикалық әсер сепкіштің тарту кедергісін (жанар-жағар май шығындарын) азайтудың және дақылдың түсімін арттырудың арқасында алынды