ДИСКРЕТТІК МАТЕМАТИКА ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНЫП ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторы

  • К.К.Такабаев Р.А.Утеева Г.Р.Елеусізова Е.А.Грипп

Ключевые слова:

логикалық есептер, дискреттік математика, математикалық логика, айтылым, жиындар теориясы, Эйлер-Венн диаграммасы, графтар теориясы, билъярд шар тәсілі.

Аннотация

Мақалада дискреттік математика пәнінің негізін түсіну үшін логикалық есептердің шешімі көрсетілген. Заманауи дискреттік математика кәсіптік білім беруде жаңғыртуда маңызды орын алады. Қазіргі уақытта көптеген салаларда кейбір есептерді шешуде классикалық математика тәсілдерімен қатар дискреттік математика тәсілдері де қолданылады. Логикалық есептерді ойлап шығарудағы мақсат – логикалық жаттығуларды орындау адамдардың ақылойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытудың ең ұтымды тәсілі. Мақалада логикалық есептердің саны да, шығару да тәсілдері де алуан түрлі екені көрсетілген. Математика ғылымында логикалық есептер бірнеше түрге бөлінеді, әр түрлі есептердің жиындар теориясы, математикалық логика, графтар теориясының тәсілдерін, соның ішінде қысқаша билъярд шар тәсілін қолдану амалдарына талдау жасалып, шығару жолдары көрсетілген. Білім беру саласында болып жатқан өзгерістер студенттерді бәсекеге қабілетті жеке тұлға
болып қалыптастыруды көздейді. Мақала дискреттік математика оқитын студенттерге және де еңбек жолдарын жаңа бастаған оқытушыларға пайдалы болуы мүмкін.

Загрузки

Опубликован

2021-05-29