ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР ТІРКЕСІМІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
Ключевые слова:
дыбыстар, дыбыстар тіркесімі, фонетика, морфонология, қос дауыссыз дыбыстар, үш дауыссыз дыбыстар тіркесіАннотация
Бұл мақалада қазіргі қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың тіркесі, олардың өзіндік ерекшеліктері айқындалып, дауыссыз дыбыстардың тіркесі туралы ғалымдардың бұрын-соңды айтылған ой-пікірлері сарапталады. Авторлар жалпы дыбыстар тіркесімінің, соның ішінде дауыссыз дыбыстар тіркесімінің зерттелу тарихына тоқтала келе, дауыссыз дыбыстардың тіркесінің қазіргі қазақ тілінде қолданылу деңгейін салыстырмалы, салыстырмалы-тарихи тұрғыдан сөз етеді. Тіліміздегі әріп тіркесімі мен дыбыстық тіркесім мәселелерінің ара жігін дәйекті мысалдар арқылы айқындайды. Қазақ тіліндегі үнді-қатаң үлгісіндегі тіркесімдердің өзіндік ерекшеліктерін, жазба әдеби тіл мен ауызекі сөйлеу тіліндегі дауыссыз дыбыстар тіркесімінің сәйкестігі мен айырмашылықтарын ашып көрсетеді. Авторлардың ой-тұжырымдарын тілші қауым, ізденушілер тіл білімінің фонетика саласы бойынша зерттеу жұмыстарында қолдануларына әбден болады. Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы зор.