АСТЫҚ ДАҚЫЛДАРЫ СОРТТАРЫНЫҢ ФИТОПАТОГЕНДІ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРДЫҢ МЕТАБОЛИТТЕРІНЕ РЕАКЦИЯСЫ
Ключевые слова:
астық дақылдары сорттары, саңырауқұлақтар, фитопатогендер, сорт төзімділігі, бидай, арпа, тритикалеАннотация
Астық дақылдарының саңырақұлақ ауруларына кешенді төзімділігі өскін мен толық пісіп жетілген өсімдіктің зақымдалу деңгейлерінің өзара байланыстылығымен анықталады. Өсімдіктердің өсіп дамуының бастапқы фазасында олардың төзімділігін анықтау селекциялық материалдарды талдауды жеңілдетеді. Алғашқы іріктеу кезеңін жаппай төзімділікке баға беру өскін фазасында әлде қайда тиімді. Әрі қарай төзімді өскін және ересек өсімдік үлгілерін инфекциялық аяда қайта сынақтан өткізуге болады. Төзімді өскіндерді іріктеу барысында ауру туғызуда өте маңызды болып саналатын токсиндерді пайдалану қажет. Ауру этиологиясында әрбір токсиннің маңызы жайлы дәлірек мәліметтер болмағандықтан селективті фактор ретінде саңырауқұлақтың толық метаболиттерін, яғни культуральдық фильтратын пайдаланған жөн. Зерттеулер фитопатогендердің метаболиттері астық дақылдарының дәнінің өнгіштігін тежейтіні анықталды. Саңырауқұлақ аурулары қоздырғыштарының 4 түрінің ішінде A.tenuis саңырауқұлағының метаболиті ең улы әсер етті. A.tenuis фильтраты бидай дәнінің өнгіштігін 25-55% тежеді, әсіресе A.tenuis саңырауқұлағының культуральдық фильтратының улылығы Целинная 3с, Казахстанская раннеспелая және Дамсинская 90 сорттарында байқалды, дәннің өнгіштігі 50-55%-ға төмендеді. Зерттелген сорттардың ішінде Fusarium туысы саңырауқұлақтары метаболиттеріне салыстырмалы төзімділікті бидайдың Целинная 3с, Лютесценс 268, Целинная 24, Шортандинская 95, Мироновская 808, Целинная 24 сорттары; арпаның Целинный 30 сорты, альтернариоз және гельминтоспориоз ауруларына тритикаленің Таза сорты байқатты. Бидайдың Шортандинская 95,
арпаның Целинный 30, Целинный 91 сорттары фузариоздық инфекцияға төзімсіз екені анықталды. Барлық зерттелген бидай және арпа сорттарының альтернариозды-гельминтоспориозды инфекцияға қарсы иммунитеті жоқтығын анықталды, бұл үлгілерде культуральдық фильтраттың улылығы 50% және одан да жоғары пайызды құрады.