БАЛҚАШ СУАЛАБЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ТАБАНЫНЫҢ (ABRAMIS BRAMA ORIENTALIS) ПАРАЗИТОФАУНАСЫ
Ключевые слова:
шығыс табаны, интродукция, ихтиофауна, паразитофауна, протозооздар, гельминтоздар, кавиоз, диплостомоз, эргазилез, ретроспективті талдау, инвазиялану интенсивтілігі (ИИ) және инвазиялану экстенсивтілігі (ИЭ)Аннотация
Өткен ғасырдың орта шебінде КСРО шеңберінде, ішкі суаттардың биологиялық өнімділігін тиімді пайдалану мақсатында, көптеген ихтиоинтродукциялық жұмыстар жүргізілген. Осыған байланысты Іле-Балқаш суалабының ихтиофаунасы күрделі өзгерістерді бастан өткерді. Нәтижесінде аталмыш суалаптың гидропаразитоценозының түрлік құрамы толығымен
өзеріп, балық инвазияларының ошақтарының пайда болуына және суалаптағы эпизоотологиялық жағдайдың ушығуына алып келді. Қазіргі таңда инвазиялық (паразиттік) аурулардың белсенді ошақтарының ішінде тек клиностомоз ғана
осы өңірге тән (абориген). Мақалада Іле-Балқаш суалабындағы өнеркәсіптік балық аулау жұмыстары жүргізілетін суаттарға жерсіндірілген шығыс табанының (Abramis brama orientalis) паразитофаунасы туралы мәліметтер, сонымен қатар, автордың жеке ғылыми-зерттеу нәтижелері және өзге де зерттеушілердің нәтижелерін байланыстыра отырып өзгермелі антропогендік жүктеме жағдайындағы шығыс табанының паразитофаунасына ретроспективтіталдау нәтижелері көрсетілген. Зерттеу нәтижесінде 6 топқа 16 түрге жататын паразиттер анықталды.