СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАЗДЫҚ ЖҰМСАҚ БИДАЙДЫҢ ОҢТАЙЛЫ МОДЕЛІНІҢ АЛДЫН-АЛА ПАРАМЕТЕРЛЕРІН ӘЗІРЛЕУ

Авторы

  • А.М. Гаджимурадова , А.Х. Жумалин Zhengmao Zhang О.Ю. Соловьев В.С.Киян В.К. Швидченко

Ключевые слова:

сорттың мінсіз үлгісі, селекция, құрылымдық талдау, өнімділік, жауын-шашын, қарқынды ауыл шаруашылығы, минералды тыңайтқыштардың жоғары мөлшеріне жауап беру.

Аннотация

Солтүстік Қазақстанда ауыл шаруашылығы қарқындату, арттыру және топырақ құнарлылығын ресурстарын тиімді пайдалану бағытында дамуда. Бұл аймақта жергілікті климаттық жағдайларға жақсы бейімделген, астық сапасымен өнімділігі жоғары және әр түрлі аурулар мен зиянкестерге қарсы тұра алатын жаздық бидай сорттары қажет. Қазақстанның солтүстігінде ауыл
шаруашылығын тұрақты дамыту шеңберінде агрохимиялық тиімді сортты өсіру маңызды болып табылады. Алайда, жаздық бидай сорттарының аймақтағы минералды заттармен қоректенуіне жауап беруі жайлы ақпарат жеткіліксіз. Аймақта өсірілетін жаздық бидай сорттарының дамуы экстенсивті түрге жатады. Интенсивті шаруа қожалықтары талаптарына
жауап беретін сорттың үлгісін жасау кезінде, жаздық бидай сорттарының минералды тыңайтқыштардың жоғары дозаларын енгізуіне жауапты беруін анықтау үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажет. Осыған байланысты Солтүстік Қазақстанның агрономиялық тәжірибесі үшін кең ауқымды реакция жылдамдығы бар, құрғақ жыл мезгілінде өнімділігі айтарлықтай
жоғары және сонымен қатар ылғалды жылдары жауын-шашынға маскималды түрде жауап бере алатын генотиптер маңызды. Сондықтан, Солтүстік Қазақстанның суарылмайтын жағдайына интенсивті түрдегі бидай сорттарының селекциясы кезінде, негізгі бағыт ол ксерофильділік пен гигрофильділік белгіллерін біріктіру болып табылады

Загрузки

Опубликован

2021-05-28