ЖЫЛЫЖАЙ ЖАҒДАЙЫНДА КАРТОПТЫҢ ШАҒЫН ТҮЙНЕГІН АЛУ ҮШІН "БИОСОК" БИОСТИМУЛЯТОРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Авторы

  • Әсіл М.Ә. Токбергенова Ж.А. Лесова Ж.Т.
  • Бегалиев К.Б. Конысбаева Х.Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2020.4(107).28

Ключевые слова:

картофель, пробирочные растения, миниклубни, биостимулятор, урожайность, биосок, семеноводства, микроклубни, субстрат, регенерант

Аннотация

Зерттеулер нәтижелері биосокты қолдану картоп өсімдіктерінің өсуіне және дамуына белгілі бір әсер ететіндігін анықтады.Зерттеулер көрсеткендей, "Биосок" өсуреттегішімен, in vitro жағдайында өсірілген өсімдіктерін отырғызар алдында алдын-ала өңдеу картоптың алғашқы тұқым шаруашылығы үшін шағын түйнектер санын көбейтуге ең оңтайлы фракция болып табылады.Қоректік ортаның құрамындағы "Биосок" биоөсуреттегіші вегетация кезеңінде өсімдіктердің тез өсуіне және дамуына ықпал ететіні анықталды. "Биосок" биоөсуреттегішін қолдану субстратта пайда болған шағын түйнектердің оңтайлы фракция санын Бабаев сортында 2,0%-ға, Альянс сортында – 2,5 % - ға және Памяти Конаева сортында -3,9% - ға арттыруға мүмкіндік беретіні анықталды.
"Биосок" биологиялық өнімі Гибберелл қышқылының белгілі өсу реттегіші ретінде ынталандырушы әсерге ие екенін көрсетілген. "Биосок" биоөсуреттегішін картоптың шағын түйнектерін өсіру технологиясында пайдалану бастапқы материалдың көбею коэффициентін ұлғайтатындығын және өнімділігін арттыратындығы дәлелденді. Бұл тұжырымдардың картоптың шағын түйнектерін бастапқы тұқым шаруашылығына өндіріске енгізуде маңызы өте зор.

Загрузки

Опубликован

2020-10-01