АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСЫЛ АЙМАҒЫНДА ТЕРЕК ОРМАН ПЛАНТАЦИЯЛАРЫН ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Авторы

  • Сарсекова Д.Н. Китайбекова С.О.

Ключевые слова:

орманды қалпына келтіру, орман плантациялары, аналық плантациялар, бөрікбастары түйіспеген екпелер, теректілер, биомикротыңайтқыштар.

Аннотация

Мақалада жылдам өсетін терек ағаштарының түрлеріне және Астана жасыл аймағында орман екпелерін құрудың күтім жұмыстарына, толық технологиясын ұсынады. Орманда өсетін түрлерінен теректің барлығының жағдайы қанағаттанарлық, тек «Қазақстан» теректері жақсы дамығаны туралы мәліметтер берілген. Негізгі орман құраушы түрлердің орташа бонитеті - 3,7, бұл орманның климаттық жағдайлары мен Ақкөл көшетжайында 0,5 га жаңадан құрылған терек плантациялары үшін орманның оңтайлы орналасуын көрсетеді.Таңдалған үлгілер бойынша орман теректеріне инвентаризация жүргізілді.
Теректерді қалемшелеу үрдісімен отырғызу жұмыстарының алдында , өсу стимуляторларымен циркон, корневин, гетероауксин, эпин және крезацинмен әр түрлі уақытта суға салып қою жылдам өсірудің агротехникалық әдістерінің
бірі болып табылады. Қалемше тамырлары өсуі үшін "Экстрасол"биомикротыңайтқыштар мен «Карпансил» өсу стимуляторы қолданылады.Зерттеулер көрсеткендей, негізгі ормандарды құраушы түрлердің орташа бонитеті 3,7 құрайды, бұл орман учаске кәсіпорынының табиғи-климаттық жағдайлары үшін оңтайлы болып табылады. Пирамидалды және "Қазақстан"
терек плантацияларына қалың қабырғалы егеуіштер, ал қазақ теректерінің тұқымдық плантацияларына терек, көктеректің жапырақтарын жегіштер, омыртқалы шыбындар әсер етеді. Сақталған орман теректерінің көпшілігі (63,8%) жақсы жағдайда, ал екпелердің тек 8,8% қанағаттанарлықсыз жағдайда болды. Зерттеу нәтижелері бойынша, тұрақты сынақ алаңдарында орман екпелеріне агротехникалық іс-шаралар жүргізілді: топырақты дайындау, отырғызу, агротехникалық күтім шаралары, өсіру стимуляторлары, тағы топырақ өңдеудің технологиялары мен әдістері және орман екпелерінің түрлері.

Загрузки

Опубликован

2021-05-28