ҚАРА ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТЫ ҚОР ҮНЕМДЕГІШ ТЕХНОЛГИЯМЕН ӨҢДЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК НӘТИЖЕЛЕРІ
Ключевые слова:
Үнемдегіш технология, минималдау, нолдік технология, қара қоңыр топырақтар, жаздық арыш, жаздық бидай, асбұршақ, дәстүрлі технология, құрғақ дала аймағы.Аннотация
Құрғақ дала аймағындағы қара қоңыр топырақтарында алты жылдық ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша дәстүрлі технологиясымен салыстырғанда қор үнемдегіш технологияларының артықшылығы анықталды. Солтүстік Қазақстанның құрғақшылық тәуекелді егіншілігінде топыраққа топырақ өңдейтін машиналарының механикалық әсерін және агрегаттардың танапта өту санын азайтады, эроззияға шалдығуын және энергетикалық шығындарын төмендетеді. Минималды және нолдік топырақ өңдеу технологиялары топырақта ылғал жинау және сақтау артықшылығы бар, әсіресе
құрғашылық кұз болған жылдары. Орташа жылдық зерттеулері бойынша минималды және нолдік топырақ өңдеу технологияларында көп функционалды дәстүрлі технологияменсалыстырғанда жаздық бидайдың өнімділігі 2,0 және 1,5 ц/га, асбұршақтың 3,3 және 2,4 ц/га, жаздық арыштың 1,5 және 1,8 ц/га жоғары болды. Бірақ жамбырлы күз болған кезде дәстүрлі және минималды топырақ өңдеу технологияларының нұсқаларында жауын шашынның және қардың еріген суларының топыраққа сіңруі жоғары болғандықтан нолдік технологияның артықшылығы аса жоғары болған жоқ. Нолдік технологияның қар аз жауған жылы тиімділігі төмен, сол сияқты өте құрғақшылық жылдан кейін, өйткені дақылдардың өнімділігі төмен болғанына байланысты танапта аңыз қалдықтары аз қалады. Минималды, әсіресе нөлдік топырақ өңдеу технологиясын ең алдымен өсімдіктерге қолайлы агрофизикалық қасиеттері және құнарлығы жоғары, арамшөптерден таза танаптарда пайдаланған жөн болады.