МАЗУТТЫҚ НЕГІЗГЕ КОРРОЗИЯ ТЕЖЕГІШТЕРІ ҚОСЫЛҒАН САҚТАУ ҚҰРАМДАРЫНЫҢ АТМОСФЕРАЛЫҚ ӘСЕРЛЕРГЕ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ

Авторы

  • Петрашев А.И.,Губашева А.М., Жазыкбаева Г.М .

Ключевые слова:

ауыл шаруашылығы техникасы, минералды тыңайтқыштар, коррозия, сақтау құрамдары, мазут, атмосфералық әсерлерге тұрақтылық, сақтағыш қасиеттері, коррозияға қарсы ингибиторлар,коррозиялық шығындар.

Аннотация

Бұл мақалада Батыс-Қазақстан облысының климаттық жағдайында минералды тыңайтқыштарды енгізетін ауыл шаруашылық техникасын коррозиядан қорғауға арналған мазут негізіндегі сақтау құрамдарының сақтағыш қасиеттерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Орал қаласының берілген орташа жылдық климаттық факторларының негізінде болжамды коррозиялық тозу мөлшерлері анықталды, көміртекті болаттар үшін - 30,8 г/(м 2 ∙жыл) дан 103,2 г/(м 2∙жыл) дейін. Батыс-Қазақстан облысының коррозиялық-белсенді климаттық факторларын талдау нәтижесі атмосфераның жоғары тұздалуын көрсетеді. Орал қаласының тұздалу мөлшері жылына 4504 МДж/м 2 құрайды, бұл битум жабындарының қарқынды тозуына ықпал етеді. Атмосфералық әсерлерге тұрақтылыққа эксперименттік зерттеулер, Орал қаласының климаттық факторларының әсер етуі жағдайында, стандарттық әдістер негізінде жүзеге асырылды. Сынақ үшін өлшемі 120 х 60 х 3 мм 12 данадан тұратын мазут негізіне коррозия тежегіштерін қоса алынатын сақтау құрамдары енгізілген (84 % мазут М100 + 6 % Эмульгин + 10 % уайт-спирит) және бензинді-битум құрамдары енгізілген (60 % бензин + 35 % битум + 5 %қолданылған май)2
партия 08кп болат пластиналар алынып, ашық коррозиялық стендке ілінді. Бақылау партиясы - жабынсыз. Зеттеу нәтижесінде бензинді-битум құрамдары енгізілген 08кп болат пластиналардың коррозиялық тозу мөлшері –7,0 г/м
2 , ал мазут негізіне коррозия тежегіштерін қоса алынатын сақтау құрамдары енгізілген болат пластиналардың коррозиялық тозу мөлшері -2,14 г/м 2 құрайды. Орал қаласының климаттық жағдайында жабынсыз 08кп болат пластиналардың жылдық коррозиялық тозу мөлшері болжамды көрсеткіштерден 113 г/м 2 –ден 8,7 % айырмашылыққа ие. Ұсынылған сақтау құрамының бағасы бензинді-битумды құрамынан 1,3 есе арзан бола отыра, көміртекті болаттарды атмосфералық коррозияданқорғау қабілеті жоғары болып келеді. 12 ай мерзім аралығында коррозиялық тозу мөлшерін 52 есе төмендетеді.

Загрузки

Опубликован

2021-05-28