САН-МӨЛШЕР МӘНДІ СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Ключевые слова:
ерекшеліктер, айырмашылықтар, зерттеу, қазақ тілі, бір қарыс, шақырым, адым, бір уыс, шөкім, шынашақтай, біртұтам.Аннотация
Аталмыш мақалада қазақ тіліндегі сан-мөлшер мәндегі тілдік бірліктер қарастырылған. Олардың сипаты мен мағыналары айтылған. Cонымен қатар, сол сөздердің сөйлемдегі қолданысын талданған. Қазақтың өлшем бірліктері туралы елеулі еңбектер, ғылыми жобалар, мақалалар жазылып жүр. Солардың ішінде қазақтың өлшемдік бірліктерін ауқымды қарастырған ғалым Сейіт Кенжеахметұлының еңбегі арқау етілген.Сөздердің саны жағынан аз болғанымен, қолданылу аясы
нақтылықты қажеттілігі нақты мысалдармен дәлелденген. Сонымен қатар, оның сипатын өлшем бірліктің мағынасын айырмашылығы, ұқсастығы қарастырылған. Жалпы мағынасы жағынан сөздер сан-салалы. Олар: ұзындықты, арақашықтықты, салмақты, сұйық заттарды, дене бітімді суреттейтін мысалдар келтірілген. Қазақ тіліндегі халықтық өлшем
атауларының қолданылу ерекшеліктер айқындалып, теориялық негіздері сипатталады. Қазақ тіліндегі халықтық өлшемдердің ерекшеліктері анықтап, мәнмағынасы айқындап, танымдық тұрғыдан зерттей отырып, олардың ұлттық сипатын анықтап, жан-жақты талдаған. Зерттеу нәтижелері негізінде қазақ тіліндегі халықтық өлшемдерді жинақтауға,тілдегі халықтық өлшем атауларының шығу тарихының дерек көздерін, мағыналық қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттеуге болады. Қазақ тілі пәні бойынша сан-мөлшер мәнді сөздердің қолданылуы тақырыбы аясында дәріс оқуға мүмкіндік береді.