АКМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСЫЛ ЭКОЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ (XIX ғасырдың аяғы - XX ғасыр)
Ключевые слова:
тарихи экология, орман ресурстары, табиғат, адам, Ақмола облысы, XIX ғ. аяғы – XX ғғ., мұрағаттық дереккөздер.Аннотация
Авторлар Ақмола облысының жасанды жасыл экожүйесін тарихи ретроспективада қалыптастыру мәселесі бойынша, мұрағаттық көздер мен ғылыми әдебиеттерді салыстырмалы талдау жүргізе отырып, экожүйені дамытудың бірнеше кезеңін анықтады. Алғашқы кезең (XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басы) аймақтың келешектегі көгалдандыруының іргетасын
қалаған экологтар мен Ақмола саудагерлерінің қызметімен байланысты болды. Кеңестік кезеңде қаланың және облыстың жасыл экожүйесін дамыту, аймақтық экология мәселелеріне биліктің жеткілікті назар аудармауына, олардың толықтай елеусіз болуына байланысты болды. Бұл қалалық көгалдандырудың төмен тиімділігін түсіндіреді. ХХ ғасырдың соңынан
бастап, Қазақстанның астанасы осы аймаққа көшірілген кезде, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «Астананың жасыл белдеуі» экологиялық жобасының табысты іске асырылуынан басталды. Бұл жоба аймақтық экологиялық мәселелерді шешуде маңызды қадам болды