ЖЕТІСУ АЛАТАУЫНЫҢ ОҢТҮСТІК-БАТЫС ТАУ ЕТЕГІНДЕГІ ТАБИҒИ ЖАЙЫЛЫМДАРДЫҢ ТОПЫРАҚТЫ-ӨСІМДІКТЕР ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ ТАРАЛУ ГРАДИЕНТТЕРІ
Ключевые слова:
жайылым, табиғи малазықты алқаптар, эдафикалық жағдайлар, Жетісу Алатауы, тік белдеулік, жердің үстіңгі қабаты, биіктік градиенті, геоботаникалық зерттеулер, топырақ түрлеріАннотация
Қаспан ауылдық округі Алматы облысындағы Кербұлақ ауданы орталығының солтүстік бөлігінде, Жетісу Алатауының оңтүстік-батыс сілемдерінде, т.д. 1000-2550 м биіктікте орналасқан. Мұндағы топырақтүзілу жағдайы тік белдемдік заңдылықтарына бағынышты. Ең көп таралған топырақ түрлеріне: кәдімгі оңтүстік қара топырақтары және әлсіз дамыған
орташа тау, кәдімгі ашық-күрең топырақтар, шалғынды ашық-күрең топырақтар жатады. Механикалық құрамы бойынша сазды топырақтар. Аумақтың солтүстік-батыс бөлігіндегі орта таулы жерлерде қоңырбастыалуаншөпті пішендіктер мен жайылымдар, алуаншөпті-қоңырбасты, шымдықоңырбасты-алуаншөпті, бұталы-шымды-қоңырбасты-алуаншөпті жайылымдар таралған. Орта таулы жерлердің тік беткейлі солтүстік бөлігіне бұталы жікқабаттарында тобылғы, итмұрын, үшқат, жоғарғы жағында арша кездесетінбұталы-шымдықоңырбасты-алуаншөпті жайылымдар тән.Аласа және жалпақтаулы жерлердегі ашық-күрең топырақтарда шымдықоңырбасты-алуаншөпті, алуаншөпті-қоңырбасты, жусанды-эфемерлі
өсімдік жабыны, беткейлі жерлерде бұталы жайылымдар тараған. Жалпы, Жетісу Алатауының таулы жайылымдары сукцессияның қайта қалпына келу кезеңінің қанағаттанарлық жағдайында орналасқан деп айтуға болады