КӨКШЕ ӨЛКЕСІНДЕГІ ҒАЖАЙЫП МЕКЕН - БУРАБАЙДЫҢ МИКРОКЛИМАТЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2020.4(107).25Ключевые слова:
климат, микроклимат, метеорологиялық станция, ландшафт, климаттық көрсеткіштер, рекреация, таулар, көлдер, курорт.Аннотация
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған метеостанциялардың мәліметтері арқылы осы аймақтағы, Бурабайдың әртүрлі пунктеріндегі микроклиматты анықтауға және жергілікті микроклиматқа ландшафт элементтерінің қалай әсер ететініне зерттеу жасауға болады. Бақылаулар Жөкей, Щучье және Кіші Шабақты көлдері маңында орналасқан метеостанция мәліметтері арқылы Бурабайдың микроклиматтық жағдайларын, әр жерде әртүрлі екендігін және оған себеп жергілікті жердің ландшафт элементтерінің (тау-тас, өсімдік жабындысы, орман–тоғай, көлдер, жер бедері және т.б.) климатқа әсері бар екендігі дәлелдеуге бағытталған. Адамның жылусезінуі ауа температурасы мен ылғалдығына ғана емес, сондай-ақ жел жылдамдығына да байланысты. Демалуға келетіндер алдын-ала климаттың қай кезеңінде жұмсақ және жайлы болатынын білуі қажет. Зерттеу соңында, Бурабай өңірінің климаты, ондағы әртүрлі жердің жергілікті микроклиматы осы аймаққа денсаулығын түзетуге және демалу мақсатымен келген әрбір адамға қолайлы екендігі туралы нақты дәлелдер келтірілген.