СОЛТҮСТІК ШЫҒЫС-ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА МҮЙІЗДІ ІРІ ҚАРА МАЛҒА ЭМБРИОН ТРАНСПЛАНТАЦИЯЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Авторы

  • Б. Атейхан, Т.К. Бексеитов, Н.Ж. Кажгалиев, Т.К.,Сейтеуов, Н.Н. Кайниденов, Е.К. Касенов

Ключевые слова:

эмбрион, ірі қара мал, бластоциста, морула, трансплантация, гормондар, жұмыртқалықтар, донор-сиыр, реципиент.

Аннотация

Бұл мақалада мүйізді ірі қара малға эмбрион трансплантациялаудыңмаңыздылығы және Солтүстік-шығыс Қазақстан жағдайында өсірілетін еттісүтті бағыттағы симментал тұқымының донор-сиырларына суперовуляция түзілтіру арқылы эмбрион шайып алу, эмбриондардың морфологиялық даму сатыларын бағалау және жарамды эмбриондарды реципиент-құнажындарға жаңа шайылып алынған күйінде трансплантациялау нәтижелері жайында айтылған. Сонымен қатар эмбриондарды алу әдістері, олардың сапасын бағалау, донор-сиырлардан алынған эмбриондардың морфологиясы мен даму
жылдамдықтары арасындағы айырмашылықтары анықталған және шет мемлекеттер мен елімізде осы салада жүргізілген нәтижелер салыстырған. Трансплантацияланған эмбриондардың реципиент құрсағында дамуына әртүрлі факторлар әсер ететіні жайы да сөз болған. Донор аналықтан көп эмбрион алу мен реципиент аналықа трансплантацияланған эмбриондардың жатырда беку пайызын арттыру үшін қан құрамындағы кейбір гормондардың үлесін анықтауы жайлары да жазылған.

Загрузки

Опубликован

2021-06-25